Бүгінде Түркістан қаласында су ресурстарын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Осы бағытта «Түркістан-Су» МКК Түркістан қаласын сумен жабдықтау және су бұру қызметін көрсетіп, тиісті жұмыстарды жүргізуде. Бұл кәсіпорын Түркістан қаласын таза ауыз су Кентау қаласынан «Шобанақ» су қоймасындағы 40 000 м3 су жинағыш қоймасы арқылы 800 мм, 2 су құбырымен тасымалданып, ӘІО-дағы көпқабатты үйлердің тұрғындарын және әлеуметтік нысандар үшін 16000 м3 су жинағышына, қала ішіндегі 16 000 м3-тың су жинағыш қоймасына құйып, 2-ші көтерімдік насостары арқылы 39180 тұрғындармен, 629 әлеуметтік нысандарға 24 сағат тоқтаусыз таза сумен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын.
Өткен жылдың 1 қаңтарына «Түркістан-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қызмет көрсететін жалпы су құбырлар қала ішінде 1738,5 км. Жалпы, су құбырлар желісінің 1965 – 1982 жылдары салынған 143,2 км су құбырының 80%-ның тозығы жеткен. Қазіргі уақытта 1965-1982 жылдардан бері салынған су құбырлары қалалық бюджеттің есебінен алмастырылып жатыр.
Сонымен қатр, сарқынды су желісі- 127,25 км, оның ішінде магистральдық –39 км, көшедегілер желісі – 40 км, ішкі орамдағы және ішкі ауладағы желілер – 48.2 км құрайды. Қаладағы құдықшалар саны 2022 жылдың 1 қаңтарына – 10960 құдықша болды. Оның ішінде- 9330-таза су, 1627-сарқынды су желілерінде орналасқан.
Түркістан қаласында-27 КНС және сарқынды су тазалау имараты (КОС) жұмыс істейді. Оның құаттылығы 20000 м³/тәул. Қалада -36179 абоненттің – 11 685 абоненті сарқынды су желісіне қосылған небәрі – 21,5 % құрайды. Оның ішінде 17 КНС пен КОС 2014 жылы іске қосылған. Сарқынды су тазалау имараты (КОС) тәулігіне 6 – 6,5 мың куб кәріз су тазартып отыр. Мекеме құрамындағы бұрыннан жұмыс істеп келе жаткан 10 сарқынды су насос станциялары ағымдағы жөндеуден өткізіліп, жаңа насос қондырғыларымен, желдеткіш қондырғыларымен қамтамасыз етілуі қажет. Барлық обьектілерде 3 фазалық 3 тарифті диференциалды электр есептегіш құралдары қойылған.
Қазіргі тад қалада 18 дана су ұңғысы және 3 топтамалы су қоймасы бар, олар:Водозабор № 3 топтамалы су қоймасында – 5 су ұңғысы ЭЦВ – 10 насостарымен жабдықталған. 5 су қоймасы бар, оның екеуінің сиымдылығы 3000м3, 1 дана- 3000м3, және құрылысы -өткен жылы аяқталған екі дана х 5000 м3 су қоймасы жұмыс істейді. Екінші көтерілімдегі насос станциясы 3 дана «Д» маркалы насостармен жабдықталған, оның екеуі – 75 квт-тық, біреуі 125 квт-тық насостар. Одан бөлек, «Сельмаг» топтамалы су қоймасындағы 4 дана су ұңғысының үшеуі ЭЦВ 6 – 1 дана насосымен, қуаты 8квт/сағ, біреуі – ЭЦВ-8 – 8,1 квт/сағ насосымен, 2 дана, 3К9 – 7,5 квт-тық 1 дана насосымен жабдықталған болатын. Ол аумақ көріктендіру, көгалдандыру мақсатында қала әкімінің тапсырмасына сәйкес «Түркістан-Су» МКК теңгерілімінен алынды. Бүгінгі таңда барлығы тоқтап тур. Облыс әкімінің қолдауы бойынша 4 су ұңғымасына қосымша 2 х 2500м3 резервуар салуға ПСД дайындалып, құрылыс экспертизадан өткізілген.
Сонымен қатар, «Тельман» топтамалы су қоймасында 2 дана су ұңғымасы ЭЦВ-8 – 8,1 квт/сағ насосымен жабдықталған. Су мұнарасы сиымдылығы 25м³ -1дана, казіргі уақытта мұнарадан қалалық «Смотровая вышка» жасалуына байланысты, алынып тасталды. Жеке тұрған 10 дана су ұңғылары ЭЦВ6 – ЭЦВ-10 насостарымен жабдықталған. Жеке тұрған 11 дана су ұңғымалары ЭЦВ6-ЭЦВ-10 насостарымен жабдықталған.
Бүгінгі таңда Түркістан қаласы ауыз сумен толық Кентау-Түркістан су топтамалары арқылы «Ащысай-Су» МКК-нан қамтамасыз етіліп отыр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, 2025 жылға қарай мемлекет халықты сумен жабдықтау қызметтерімен 100% қамтамасыз етуге тиіс. Бұл – 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бағыттарының бірі.
Айта кетейік, жүйелі жоспарға негізделген іс-шаралар аясында қаламыздағы ауыз су, сарқынды су мәселесіне жауап беретін «Түркістан-Су» мекемесіндегі ескі әрі тозығы жеткен обьектілер жаңартылып, жөндеуден өтуде. Сондай-ақ, қысы-жазы халыққа қалтқысыз қызмет ететін жұмысшылардың жалақысын жоғарылату тақырыбы да назардан тыс қалмады. Мекеме басшыларының бірнеше ұсыныстары жүзеге асса, тұрғындар үшін ауыз су мәселесі бұрынғыдан да тиімді бола түспек. Тағы бір мәселе. Жолдауда айтылған тариф саясаты, ресурстарды үнемдеуге қатысты нақты нормативтік талаптарды енгізу бойынша:
— Тариф саясатын түбегейлі қайта қарау, тариф белгілеудің жаңа әдістемесін енгізу және инвесторлардың қызығушылығын арттыру қажет. Табиғи монополия субъектілерінің бәріне 5-7 жылға дейін көңілге қонымды нарықтық тариф енгізген жөн. Яғни, баға тұрақты болса, инвестицияны нақты жоспарлауға мүмкіндік туады. Электр қуаты, жылу және су – тұрмысқа аса қажетті игіліктер. Оны үнемдеп пайдалану керек. Бұл жаңа тұрмыстық мәдениетке айналуы қажет. Жалпы, бұл – үй шаруасына ғана емес, тұтас экономикаға ортақ талап. Қазір суды оңды-солды пайдалануға мүлде болмайды. Үкімет энергетикалық тиімділік саясатын түбегейлі қайта қарауға тиіс. 2029 жылға қарай энергияны тұтынуға және энергия шығынына байланысты негізгі көрсеткіштер кемінде 15 пайызға азаюға тиіс, — деген Мемлекет басшысының сөзі алдағы уақытта жүзеге асатын жобаларды жеделдетуге септігін тигізеді деген сенім бар.
Бүгінгі таңда киелі шаһарды толықтай кәріз жүйесімен қамту мақсатында бірнеше жоспарлы жұмыстар жүргізіліп, жүзеге асуда. Жыл басынан бері қала тұрғындарының назарынан тыс қалмаған бұл жұмыстар жыл аяғына дейін оң нәтижесін беріп, түркістандықтардың тұрмысына қолайлы жағдай тудырады деп күтілуде. Шаһар басшысының бақылауындағы бұл жұмыстардың салаға жауапты Түркістан қаласы әкімдігінің Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің басшысы Ерсейіт Бұхарбаев да қадағалаудан тыс қалмайтынын жеткізді. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков БАҚ өкілдерімен өткен брифингте сарқынды су мен ауыз суға кеңірек тоқталып, берілген тапсырмалардың қалай орындалып жатқанына шолу жасаған болатын.
Қалалар мен ірі елді мекендерде кәріз суының қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығына тигізетін зияны аз емес. Соңғы кезде қаланың қазылған қалдық су шұңқырларынан шыққан иіс тұрғындар тарапынан айтылатын арыз-шағымға себеп болуда. Алдағы уақытта қаланың әр нүктесінде жүргізіліп жатқан кәріз құбырларын сапалы әрі қауіпсіз орнату басшылар мен жауапты бөлімнің жіті бақылауында болмақ. Жоғарыда атап өткендей, биылғы жоспарлы жұмыстар нәтижесінде аталған жобалар толықтай іске асырылған жағдайда қала аумағы 90%-ға дейін кәріз жүйесімен қамтылады. Ал биылғы жылдың соңына дейін шырайлы шаһар 40% сарқынды су желісімен қамтамасыз етілетін болады. Дәлірек айтсақ, кәріз жүйесі жұмыстары былтырғы жылмен салыстырғанда 8 пайызға артады.
Айта кетейік, сарқынды сумен қамтамасыз ету жүйелері бойынша қалада сарқынды су желісі — 127,25 шақырымды құрап отыр. Оның ішінде – магистральдық – 39 км, көшедегілер желісі – 40 км, ішкі орамдағы және ішкі ауладағы желілер – 48.2 км құраған. Сондай-ақ, 27 КНС және сарқынды су тазалау ғимараты /КОС/ жұмыс істеп келеді. Оның қуаттылығы тәулігіне — 20000 м³. Жыл сайын «Жаңа қала», «Отырар» шағын аудандарында салынып жатқан көпқабатты үйлерді кәріз жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстары толықтай іске асып келеді. Қазіргі таңда қаладағы 7 нысанда кәріз жүйесінің құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда, «Тұран – 2», «Отырар – 2», «Яссы – Ыждыхат» шағын аудандары, «Бекзат» және «Бірлік» секторларында және «Ортақ» мөлтек аудандарында, сонымен қатар 5 нысан қаржыландыруға ұсынылып, 4 нысанға жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда. Аталған жұмыстар аяқталғанда қаланың кәрізбен қамтылған бөлігін көбейту жоспарлануда. Нәтижесінде, 34 177 абонентке кәріз жүйесі қолжетімді болады. Естеріңізге сала кетейік, бұл көрсеткіш 2022 жылы 32% болған еді. Жауапты мамандар жұмыстардың биылға жоспарланған межесін толығымен орындауға күш салып жатқандықтарын айтады. Жоспарлы жұмыстар нәтижесінде аталған жобалар толықтай іске асырылған жағдайда қала аумағы 90%-ға дейін кәріз жүйесімен қамтылады. Ал биылғы межеге сәйкес, жылдың соңына дейін шырайлы шаһар 40% сарқынды су желісімен қамтамасыз етілетін болады. Дәлірек айтсақ, кәріз жүйесі жұмыстары былтырғы жылмен салыстырғанда 8 пайызға артады. Бұл қайырымды қала тұрғындарының қауіпсіз және салауатты өмір сүруіне арналған ауқымды жұмыстар деуге болады.