Келес ауданындағы №13 Т.Бигелдинов атындағы жалпы білім беретін мектептегі химия пәнінің мұғалімі Рахымжан Исмайлов 23 жылдан бері балаларды химия пәнінен оқытып келеді. Соңғы 10 жылдың өзінде 4000-ға жуық шәкірттері грант иегері атанды. Білікті педагог қосымша білім беру орталығында да сабақ береді. Оны көршілес аудандардан іздеп келетін оқушылар да бар.
Ecкe саларлық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде мұғалімдер даярлау ісін арттыру үшін пәрменді шаралар қабылдап, білім беру жүйесіндегі менеджментті жақсартуға басымдық беруді тапсырды. «Білім беру саласында ұстаз – ең басты тұлға. Оның қоғамдағы абырой-беделін арттыра беруіміз керек. Алайда мұғалімдердің, директорлардың және педагогикалық оқу орындары түлектерінің көпшілігі Ұлттық біліктілік емтиханынан өте алмады. Маған кейбір тәжірибелі ұстаздар тиісті министрлік дайындаған тапсырмалар тым күрделі деп шағымданды. Бәлкім, оны жеңілдету, жетілдіру керек шығар. Бұл салада қатып қалған қатаң ереже болмауы керек. Бірақ негізі, ұстаздарға қойылатын талап жоғары болуға тиіс.
Мұғалім тапшылығын желеу етіп, мектепке кез-келген адамды жұмысқа ала беруге болмайды. Мұндай әрекет ұстаздардың біліктілік деңгейін күрт төмендетеді. Сол себепті мұғалім даярлау ісін жетілдіру үшін нақты шаралар қабылдау қажет. Бұл – өскелең ұрпақтың болашағына байланысты өте маңызды міндет»,- деді Президент.
Айта кету керек, білікті педагог дайындаған оқушылардың көпшілігі Алматы қаласындағы
С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Қарағанды қаласындағы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы сияқты жоғары оқу орындарында білім алған.
Сондай-ақ Рахымжан Эргешовичтің шәкірттері аудан, облыс, республика көлеміндегі жарыстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары. Атап айтқанда 9-сынып оқушысы Жанат Сайданова химия пәнінен Қ.Сәтбаев атындағы
V республикалық олимпиадасының аудандық кезеңінде жоғары білім деңгейін көрсетті. Ал 11-сынып оқушысы Марал Аманбаева химия пәнінен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті және Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасымен бірлесе өткізілген III облыстық Менделеев олимпиадасына қатысып, жүлделі орынға ие болды. Оның авторлығымен жақында 7-8 сыныптар мен 10-сыныптарға арналған «Химия пәнінен тесттер жинағы», «ҰБТ-ға дайындық» әдістемелік жинақтары жарыққа шықты.
Айта кететін, Қазақстанда педагогтердің беделімен қатар, кәсібилігін арттыру жұмыстары да қолға алынған. Олардың қатарына төменде көрсетілген шараларды жатқызуға болады:
- Біліктілікті арттыру жәнекәсіптік қайта даярлау: курстарды,семинарлар, тренингтер және мастер-класстар ұйымдастыру арқылы мұғалімдерге көмектесетін өз саласындағы білім мен дағдыларды қалыптастыру шаралары;
- Кәсіби қауымдастықтарды дамытужәне педагогтер бірлестіктерін құру,форумдар, клубтар, қауымдастықтарда тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау, сондай-ақ қолдау көрсету;
- Педагогтерге өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау:ғылымиконференцияларға қатысу үшін мүмкіндік беру, халықаралық семинарлар, конкурстарға қатысу, беделді басылымдарға мақалалар жариялау;
- Инновацияларды қолдау жәнеэксперименттік жұмыс: педагогтерге қолайлы жағдайлар жасау үшін оқытудың жаңаәдістері мен технологияларын енгізу, сондай-ақ педагогтерге шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік беру;
- Білім берудегі сапаны арттыру үшін бағалау жүйесін дамыту: бұл жүйені енгізу арқылы педагогтердің кәсіби деңгейі мен олардың жұмыс тиімділігін арттыру;
- Мектеп және отбасы арасындағы байланысты нығайту: ата-аналарменжиналыс ұйымдастыру, бірлескенбағытталған іс-шаралар мен жобаларды жүзеге асыру;
- Кәсіби жүйені құру және мансаптық өсу: педагогикалықкадрлардыңбіліктіліктілігін арттыру, тағылымдама, жобалар мен бағдарламаларға қатысу, жас педагогтарды қолдау.
- Мектептердің инфрақұрылымын дамыту:мектептерді қазіргі заманауи жабдықтармен, оқу материалдарымен,мұғалімдерге тиімді әрі қызықты сабақ өткізуге мүмкіндік беретін технологиялармен қамтамасыз ету;
- Педагогтердің жұмысының тиімділігіне мониторинг және талдау жүргізу: мониторинг нәтижесінде алынған деректерпедагогтар жұмысының тиімділігін бағалау менпроблемалық аймақтарды анықтауға, оларды жоюға мүмкіндік береді.
кейінгі жылдары "Педагогикалық ғылымдар" саласына тапсырушылардың балы кемінде 75 болуы керек екені туралы бұйрық енгізілді. Сонымен қатар, педагогикалық мамандықтарда білім алатын студенттердің шәкіртақысы 42 мың теңгеге дейін өсті.
Ал ең бастысы осы саладағы мамандардың жалақысы өсіп келе жатыр. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов халық табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы одан әрі іске асырылып жатқанын, соның шеңберінде 3 миллионнан аса адамның жалақысы өскенін мәлімдеген еді. Биыл 1 қаңтардан бастап балабақша тәрбиешілерінің, мектептер мен колледж педагогтерінің, сондай-ақ, қосымша білім беру жүйесі мамандарының жалақысы 25 пайызға өсетіні белгілі болды.
Сонымен қатар, мұғалімдер алатын жалақыға қосымша төлемдер белгіленеді. Оған біліктілік санаты үшін жалақының 30 пайызынан 50 пайызына дейінгі мөлшер, магистр дәрежесі үшін, ағылшын тілінде пәндерді жүргізу, дәптерлерді тексеру, сынып жетекшілігі және тәлімгерлік үшін қосымша төлемдер жатады.
Ресми мәліметтер бойынша елімізде 500 мыңнан аса мұғалім бары айтылды. Ал 2019 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған "Педагог мәртебесі туралы" заң осы мыңдаған ұстаздың мәртебесін көтеріп, құқығын қорғауға бағытталған. Бұл заң 21 баптан тұрады. Сондай-ақ, осы заң аясында мемлекеттен қыруар қаржы бөлінді. Мәселен, 2020-2022 жылдарға 2 триллион 282 миллиард бөлінген. Оның ішіне жоғарыда айтылған жалақының көтерілуі, қосымша қызметтер үшін ақы төленуі секілді маңызды бөліктер кіреді.