ШАХАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫС АУМАҒЫ ҰЛҒАЙЫП, ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

ШАХАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫС АУМАҒЫ ҰЛҒАЙЫП, ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Шаһарда 2023 жылдың 9 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 222,7 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылғымен салыстырғанда 15%-ға артып отыр. Сондай-ақ, осы жылы өнеркәсіп саласында қаңтар-қыркүйек айында 18,8 млрд.теңгенiң өнімі өндіріліп, өсім 4,3%-ды құраған. Ал өнеркәсіптің басымды саласы өндеу өнеркәсібінде 12 млрд. теңгенің өнімі өндірілсе, электрмен жабдықтау, газ, бу беру көлемi 5,5 млрд.теңгеге жеткен.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр халыққа арнаған «ХАЛЫҚ БІРЛІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛІ РЕФОРМАЛАР – ЕЛ ӨРКЕНДЕУІНІҢ БЕРІК НЕГІЗІ» атты Жолдауында:
– Стратегиялық мақсатымыз – Орталық Азиядағы көшбасшылық рөлімізді күшейту және әлемдік экономикадағы орнымызды нығайту. Экономикамызға тікелей инвестиция тарту ісін жалғастырудың жаңа тәсілі ретінде Стратегиялық инвестициялық келісім ұғымы енгізілді. Квазимемлекеттік секторды оңтайландыру үшін нақты шараларды қолға алдық. «Бәйтерек» және «ҚазАгро» холдингтерін біріктірдік. Еншілес компаниялар екі есе азайды, олардың штат санын бір жарым есе қысқарттық. Жаңа, қуатты даму институтын құрдық,деп атап өтті.
Президент сондай-ақ, экономиканы әлемдегі озық компаниялардың тәжірибесімен дамытуды тапсырды.
Қазіргі таңда кез-келген мемлекеттің өндірістік дамуын қамтамасыз етіп, экономикасын алға сүйрейтін негізгі күш – индустриалдық аймақтар екені талас тудырмайды. Әлемнің дамыған елдері осы жолмен жүріп өтсе, қазір дамушыл елдер де индустриалдық аймақтарды дамытуға айрықша мән беріп отыр.
Биылғы шілде айында Сауран ауданының жерін қосу есебінен Түркістан қаласының аумағы кеңейетіні хабарланған болатын. Бұл орайда, Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті Үкімет қаулысына қол қойған еді.
«Осы қаулының қосымшасына сәйкес, жалпы ауданы 4831,86 гектар Сауран ауданының жерін қосу және жалпы ауданы 4716,29 гектар Түркістан қаласының жерін Сауран ауданының шекарасына қосу арқылы Түркістан қаласының шекарасы өзгертілсін. Бұл туралы мәслихат пен әкімдіктің қаулысына келісім берілсін», – делінген еді Премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойған Үкімет қаулысында.
Түркістан қаласының шекарасын кеңейтуді көздейтін құжат ресми жарияланғаннан 10 күн өтіп барып, 29 шілдеде күшіне енді.
Еске сала кетсек, 2021 жылы Түркістан қаласының аумағы 19 627 гектардан 22 370 гектарға ұлғайды. Яғни құрылыс нысандарына бөлінген жер көлемі артты.
Негізінен бұл жоспар 2020 жылы басталып, 2025 жылы аяқталуы керек болған. Cәйкесінше, жерді ұлғайту жоспары мезгілінен ерте орындалып отыр. Бұдан кейінгі қаланың бас жоспары 2035 жылы, үшінші кезеңі – 2050 жылы аяқталуы тиіс.
Жалпы 2020 жылдың 25 қарашасында қаланың бас жоспары бекітілген. Соған сәйкес, қаланың жер көлемі 22370 гектарға ұлғайды. Бұған дейінгі бас жоспар 2011 жылы жасалып, ол кезде 19 627 гектар болған. Былайша айтқанда, бұл – қаланың жетістігі. Яғни, жоспар уақытынан ерте орындалып отыр. Негізі жер көлемі бекітілген. Құрылыс аумағы ұлғайып отыр.
Айта кету керек, бүгінде қала халқы 200 мыңнан асты. 2025 жылға дейін ол 250 мыңға, 2035 жылға қарай – 350 мың адамға дейін жетеді деп көзделуде. Ал, 2050 жылға қарай шаһар тұрғындары 500 мыңнан асып жығылмақ. Яғни қала аумағының ұлғаюы заңды дейді қала сәулетшілері.
2018 жылы 19 маусымда Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысын құру туралы тарихи Жарлыққа қол қойды. Түркістан қаласы облыс орталығы ретінде дамудың жаңа сатысына қадам басты. Көне шаһардың жаңа дәуірі басталды. Тарих үшін қысқа ғана уақыт болып есептелетін 5 жылда Түркістанда адам қызығарлық істер атқарылды.
Түркістан қаласының облыс орталығы болғанына биыл 5 жыл толды. Осынау аз ғана уақыт ішінде түркі жұртының атажұрты атанған киелі өңір қарқынды дамып, елеулі өзгеріс орын алды.
Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауының, еңбекқор ел мен басшылардың еңбегі нәтижесінде Түркістан өңірі 5 жылда өркендей түсті.
Мәселен, Түркістан қаласы облыс орталығы болған кезеңнен бері халық саны 50 мың адамға өсіп, қазір 220 мыңнан асты. Соңғы 5 жылда облыстың жалпы өнірлік өңімі 2 трлн. теңгеге ұлғайған. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2 есеге дейін ұлғайып, 1 трлн. теңгеге жетті. Түркістан облысы құрылғалы бері негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі 2,9 трлн. теңгені құрады.
Сондай-ақ тұрғын үй құрылыс жұмыстарының көлемі 5 жылдың ішінде 3 есе артып, 350,9 млрд. теңге құрады. Негізгі көппәтерлі үйлердің құрылысы Түркістан қаласында жүргізіліп жатыр. 2019 жылдан бастап 340 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Талай жалынды жас осында баспаналы болып, армандарына қол жеткізді.
Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы тұрғындарымен кездесуде Түркістанға тарихи және рухани елорда мәртебесін беру мәселесін көтерген болатын. Тарихы тереңде жатқан шаһардың жаңа дәуірі басталып, жыл өткен сайын көптеген нысан бой көтеріп жатыр.
Соңғы 5 жылда Түркістан қаласында жаңа әуежай салынды. Тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы жаңа әуежай өңірдегі туризмнің дамуына қуатты серпін берді. Сондай-ақ шаһарда мәдени және рухани орталықтар, спорт нысандары, теннис орталығы, әкімшілік-іскерлік орталығы жаңа ғимараттармен толықты. Мұз сарайының да ашылатын күні алыс емес. Жалпы 5 жылда 250-ден астам жаңа нысан ел игілігіне берілді. Туристік нысандар көбейді.
Осылайша, 5 жылдың ішінде тарихы тереңде жатқан, күллі түркі xалықтарының өткенінен сыр шертетін киелі мекен Түркістан өзгерген өңірге айналды.
Мәселен, Түркістан қаласы облыс орталығы болған кезеңнен бері халық саны 50 мың адамға өсіп, қазір 220 мыңнан асты. Сондай-ақ, тұрғын үй құрылыс жұмыстарының көлемі 5 жылдың ішінде 3 есе артып, 350,9 млрд. теңге құрады. Негізгі көп пәтерлі үйлердің құрылысы Түркістан қаласында жүргізіліп жатыр. 2019 жылдан бастап 340 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Талай жалынды жас осында баспаналы болып, армандарына қол жеткізді. Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы тұрғындарымен кездесуде Түркістанға тарихи және рухани елорда мәртебесін беру мәселесін көтерген болатын. Тарихы тереңде жатқан шаһардың жаңа дәуірі басталып, жыл өткен сайын көптеген нысан бой көтеріп жатыр.
Соңғы 5 жылда Түркістан қаласында жаңа әуежай салынды. Тәуелсіз Қазақстандағы алғашқы жаңа әуежай өңірдегі туризмнің дамуына қуатты серпін берді. Сондай-ақ шаһарда мәдени және рухани орталықтар, спорт нысандары, теннис орталығы, әкімшілік-іскерлік орталығы жаңа ғимараттармен толықты. Мұз сарайының да ашылатын күні алыс емес. Жалпы 5 жылда 250-ден астам жаңа нысан ел игілігіне берілген.
Шаһардағы құрылыстар әкімшілік-іскерлік және рухани-мәдени орталық деп аталатын екі аймаққа бөлінді. Атаулы жоба бойынша аймақтарда 15 мәдени-әлеуметтік нысан салынды. Солардың ішінде «Әкімшілік-іскерлік орталықта» 8 нысан бар. Оларды атасақ: жабық бассейні бар спорт кешені, 7000 орындық стадион, Оқушылар сарайы, Департаменттер үйі, Басқармалар үйі, Конгресс холл, Цифрлық кеңсе, Аттракциондар саябағы. Келесі «Рухани-мәдени орталықта» 7 нысан бар. Бұл қатарда Ясауи мұражайы, «Ұлы Дала» орталығы, Қолөнер шеберлері орталығын қайта жаңғырту, Ғылыми-әмбебап кітапханасы, Драма театры, Тұңғыш Президент саябағы, Арбат болып саналады. Бұлардың барлығы өз уақытында пайдалануға берілді, қазіргі таңда халық игілігінде. Одан бөлек, әрқайсысы 120 бөлмеден тұратын жеке инвестициялар есебінен туристерге лайықты сервистік қызмет көрсететін «Rixos», «Нұр-Әлем», «Hampton by hilton» атты қонақ үй кешендері қала келешегінің көрінісі секілді. Оны көрген адам таңдай қақпай тұра алмасы тағы бар. Тағы бір ерекше құрылыс ретінде «Рухани-мәдени орталық» бағытына жататын «Керуен Сарайының» құрылысын айтпай кету мүмкін емес. Бұдан өзге, Қ.А.Ясауи кесенесінің буферлік аумағында абаттандыру жұмыстары соңына да шықты. Сондай-ақ, аумағы 20 гектарды құрайтын Б.Саттарханов даңғылы бойындағы желілік саябақтың құрылысы аяқталған. Сонымен қатар, қаладан 16 шақырым қашықтықтағы Шаға елді мекенінен бой көтерген Халықаралық әуежай. Бұл құрылысты түркиялық «YDA Group» компаниясы салған. Жер көлемі жалпы 900 гектар аумақты алып жатыр. Онда терминал, ұшу-қону жолағы және басқа да нысандар бар. Аталмыш әуежай халықаралық стандартқа сай және заманауи құрылыс технологиясымен салынған. Терминал жылына 3 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсете алады. Жолаушылар үшін қаладан әуежайға дейін жаңа автомобиль жолының құрылысы да аяқталды. Қазіргі таңда, Түркістанның әлем елдерімен болатын байланысының арта түскендігін байқауға болады. Қарқынды құрылыс жүріп жатқан шаһарда 2022 жылдың екінші жарты жылдығында 70 нысан пайдалануға берілді. Нәтижесінде 6 300 отбасы баспанамен қамтамасыз етіліп, 3 604 жеке жер учаскелеріне инфрақ-ұрылым жүйелері жүргізілді. Осы жы-лы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының аясында мемлекеттік бюджет есебінен 158 нысанның құрылысына 36,6 млрд теңге бөлінген. Оның ішінде 40 арендалық тұрғын үй құрылысы, 30 инженерлік инфрақұры-лым нысаны, 88 кредиттік тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Осы мүмкін-діктердің айтып тұрғаны талай отбасы баспанаға ие болады дегенге саяды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен...

Өңірлік саясатты жетілдіру және өңірлердің теңгерімді әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында вице-премьер Қанат Бозымбаевтың...