Түлкібас ауданының білім бөлімінің мектепке дейінгі білім беру әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес , 2023 жылдың 17 қараша күні «Мерей» бөбекжай- бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзіреттілігін дамыту» тақырыбында аудан көлеміндегі, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің қатысуымен педагогикалық оқу өткізілді.
Педагогикалық оқуды өткізудегі мақсат:
"Өрлеу"біліктілікті арттыру институтынан алған білімдерін бөлісу және өз тәжірибелерінде қолдану барысын көрсету және тәжірибе алмасу.
«Мерей» бөбекжай-бақшасы» меңгерушісі және тәрбиешілері презентация, шебер сынып, тренинг және қимылды ойындар көрсетті.
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің кәсіби даму барысында педагогикалық оқу өткізудің тиімді екені айтылып және тәрбиешілер көрсеткен жұмыстары сипатталды, тәрбиешілердің қызығушылықтары мен ізденістерін арттыруға және кәсіби құзіреттілігін жетілдіру бағыттары айқындалып, ұйымдастырылды.
Айта кететін, Білікті ұстаз ғана шәкіртін білім нәрімен сусындата алады. Бұл көпшіліктің көңілінде жатталып қалған ұғым. Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының басты ұстанымы – тыңдаушылардың кәсіби біліктілігін арттыру. Институт қызметкерлері курс барысында облыс педагогтарының шеберлігін арттыру мақсатында интерактивті тақтаның, интернеттің мол ақпараттық мүмкіндіктерін тиімді қолданады. Қазіргі білім беру мазмұнының жаңа парадигмасына сай оқытудың сапасын, нәтижелілігін қамтамасыз ету мақсатында институтта облыстық лицензия және сараптама қызметі жүйелі түрде жұмыс істеп келеді. Бұл лицензиялық кеңестен облыс мұғалімдердің өз іс-тәжірибесіне байланысты оқу-әдістемелік, еуростандарт үлгісі бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар жинақтары, мемлекеттік аралық бақылау мен ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жасауға байланысты ұсыныстар, әртүрлі пәндерді оқытуға арналған әдістемелік нұсқаулықтар мен көмекші құралдар шығарылып отырады. Қостанай қалалық білім бөлімі әрбір мектеп үшін веб-сайттар ашып, қала көлемінде виртуалды әдістемелік көмек көрсетіп келеді. Сонымен қатар әдістемелік кабинетте желілік педагогикалық қоғам жұмыс атқарады. Мұндай тәжірибелерді республика көлемінде тарату қолға алынып отырғаны белгілі. Тәуелсіз еліміздің болашағы – бүгінгі бүлдіршіндер. Оларды жан-жақты білімді, интеллектуалды жастар етіп қалыптастырғанда ғана қазақ елі бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарынан көрінбек. Әңгіме жас ұрпақты жан-жақты жетілген тұлға етіп тәрбиелеуде болып отыр. «Мектептің жүрегі – мұғалім» деп Ыбырай Алтынсарин бабамыз айтқандай, алдымен мұғалімді жан-жақты, білімді және рухани бай тұлға етіп өсіруіміз керек. Баланың көзін білімге мұғалім ашады.
Қазіргі мұғалім жаңа білім беру парадигмасы негізінде инновациялық технологиялар мен интерактивті әдіс-тәсілдерді терең меңгерулері тиіс. Осының барлығы да ұстаздың инемен құдық қазғандай оқумен, еңбекпен, ізденіспен қол жететін табысы. 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында мұғалімдер үшін институтта ғылыми-практикалық конференциялар, жобаларды қорғау жұмыстары, оқулықтарды талдау эксперименттері ұйымдастырылып отырады. Институттың дәрісшілер құрамында 70-тен артық маман бар. Білім басқармасының қызметкерлері, жоғары оқу орындарының, колледждердің оқытушылары және тәжірибелі мұғалімдер, жетекшілер, тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушылар, әдіскерлер біліктілігін көтеруге келген ұстаздар алдында дәріс оқиды.
2021 жылғы 13 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық жобалардың тізбесін бекіту туралы жарлыққа қол қойды. 10 нақты Ұлттық жоба анықталды. Соның бірі – 2021-2025 жылдарға арналған «Сапалы білім» Білімді Ұлт» жобасы. Ұлттық жобада зияткерлік әлеуетті дамыту, қазақ тілін дамытуға жағдай жасау және жастарға жаңа мүмкіндіктер жасау сияқты мәселелер қамтылған.
«Сапалы білім» Білімді ұлт» ұлттық жобасы бес міндеттен, 15 көрсеткіштен және 26 шарадан тұрады. Жоба 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында және Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – Қазақстан халқына Жолдауында» белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған. Атап айтқанда, Ұлттық жобада балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту, оқушылар орнының тапшылығын шешу үшін мектептер салу, қауіпсіз және жайлы білім беру ортасын құру шаралары қарастырылған. Жобаның негізгі мақсаты – білім берудің барлық деңгейіндегі оқушылардың білім сапасын арттыру. Сондай-ақ, жедел шешім қабылдауды талап ететін және халықтың сұранысын қанағаттандыруға бағытталған мәселелер бойынша мемлекеттік бағдарламамен сабақтастық сақталады.
Білім мен ғылым кез келген мемлекеттің даму, өркендеу көрсеткіші. Сондықтан да Тәуелсіз Ел атанған алғашқы күннен бастап білім, ғылым саласын әлемдік өркениет талаптарына сай сапалық жағынан жақсарту мақсатын қойып отыр. Бүгінде осы талап биігінен көрініп, елімізде білім, ғылым салалары айрықша даму жолына түсті.