ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ АЙЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ АШЫЛДЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ АЙЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Отырар ауданының Т.Ибрагимов атындағы жалпы білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің айлық іс-шарасы ашылды. "Ұлағат" бірлестігінің "Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқу сауаттылығын арттыру" тақырыбымен ұйымдастырылған "Даналық аралына саяхат" әдеби-танымдық кеш көпшіліктің рухын көтеріп, халқымыздың тіліне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілікті арттыра түсті.
Әже мен немерелердің "Даналық бастауы" көрінісі көрсетілді. Оқушылардың алған білімін қайталау мақсатында "Жедел жауап" ойыны жүргізілді. Мектепішілік тұрақты газет оқушылардың шығармашылығын ұштау бағытында өткізілген "Жас қаламгерлер" арасындағы "Бабалар салған ізіменен" атты байқау жеңімпаздары Баянбай Ақерке, Тәліп Айзере, Қалымбет Оразайым мектеп директорының Алғыс хатымен марапатталды. Мектеп директоры Т.Едигеева жас қаламгерлерге сыйлық тапсырып, қуанышқа бөледі.
Білім бөлімінің әдіскерлері М. Жақсыбаева, Ж. Қонтаева "Ұлы даланың ұрпағына" білімді, өнерлі, ұлтжанды болуға шақырып, сәтті қадам тіледі.
Киелі білім ордасында білікті мамандар көп. Бұл іс-шара оның бір парасы ғана. Бірлестіктің аудандық, облыстық жетістіктері ауыз толтырып айтуға болады.
Айта кетейік, Стратегиялық жоспарлау және реформалау агенттігі Ұлттық статистика бюросының 2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының санағы қорытындысы бойынша елімізде мемлекеттік тілді меңгерген 5 жастан асқан 13,7 млн адам бар, яғни ол жалпы халық санының 81 пайызына тең. Олардың 8,5 млн-ы қазақ тілін күнделікті өмірде еркін қолданады. Ал 1 млн адам мемлекеттік тілді үйреніп жүрсе, тағы 1 млн-ы үйренуді жоспарлап жүр.
1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланғаннан кейін, елімізде «Қазақ тілі» қоғамы құрылды. Оның бөлімшелері Республика бойынша барлық мемкемелерде болды. «Қазақ тілі» қоғамында жұмыс істейтіндер көп іс тындыра бастады.
Өткен айда президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханды қабылдады. Рауан Кенжехан әлеуметтік желідегі парақшасына президентпен қандай мәселелерді талқылағанын жазды. Олар латын әліпбиіне көшу, қазақ тіліндегі анимация және кино қорын жасау, кітап шығару, қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі және құралдарын жетілдіру мен заманауи IT технологиялардың қазақ тіліндегі қызметін жетілдіру сияқты бірқатар мәселелерді талқылағандарын айтты.
1989 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерден қаражат алып жұмыс істейді. Қоғам биыл үш облыстан 64 300 000 теңге қаражат алған.
«Тіл – тірі организм. Сондықтан ол өзгеріске ұшырап отырады, түрленеді» деп көп айтамыз. Теледидарды қосып қалсаңыз да, ғаламтор бетін ашып қалсаңыз да, оның сөз-сөйлемі осыдан он-жиырма жыл бұрынғымен салыстырғанда басқаша «сарнап» тұрғанын байқамау мүмкін емес.
Яғни бұрын тілді сақтау мәселесі бірінші орынға шықса, қазір оның қаймағын бұзбай, заманға сай реформалау, ғылыми-технологиялық тіл ету түйткілі басты назарда.
Ақпарат­тық технологиялар жоқ кезде, тәуелсіз Қазақстанда қазақ тілінің қолдану, даму үдерісі өте баяу жүрді. Сондықтан мен ақпарат­тық технологиялардың дамуы қазақ тілінің дамуына ықпал етіп жатыр деп есептеймін.
Бұған негізгі себеп – демографиялық фактор. Яғни қазақ тілін негізгі тіл ретінде тұтынатын, отбасында, күнделікті өмірде қазақша сөйлейтін отбасылар көбейіп келе жатыр. Мысалы, жоғарыда өзіңіз де айт­тыңыз, 2021 жылы ұлт­тық санақ болды. Дегенмен соған үңілетін адамдар аз секілді. Өйткені санақ қорытындыларына қарасақ, өте қызық мәлімет­терге тап боламыз. Бірінші мәлімет: Қазақстанның 50 пайыз­ға жуық тұрғыны күнделікті өмірде айналасымен қазақ тілінде ғана байланыс жасайды екен. Екінші ақпарат: Қазақстанның 80 пайызы қазақ тілін біледі және тұтынады деген ақпарат бар. Қалған 30 пайызы қажет­ті жағдайда ғана қазақша сөйлейді.
Бүгінде қазақ тіліне реформа жасап, латын әліпбиіне көшіру процесі жүріп жатыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында: «Қазақ тілі, шын мәнінде, білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда. Ата Заң бойынша Қазақстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар. Бұл – қазақ тілі. Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс» деп атап өткен болатын. Тілдер мерекесі Қазақстанда тұратын әрбір этнос өкілдерінің ана тіліне құрмет көрсететін ортақ мейрамы болып саналады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мәскеуде өткен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 25-ші Үкіметаралық комиссия отырысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті...

Премьер-министр Олжас Бектенов экспортқа бағытталған бизнес өндірістерді мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес өткізді. Оған жекелеген...