Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты, А.С.Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектебінде 2023 жылдың 01 желтоқсан күні Қазығұрт ауданының білім бөлімінің 28.11.2023жылғы №313 бұйрығына сәйкес, оқытудың заманауи әдіс -тәсілдерін қолдану арқылы білім сапасын көтеру, мұғалімнің ғылыми -әдістемелік іскерлігін, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында «Химия және биология пәндерінен мұғалімдердің ғылыми – зерттеу және эксперименттік қызметін ұйымдастырудың ерекшіліктері» тақырыбында химия және биология пәндерінің мұғалімдеріне аудандық оқыту семинары өткізілді.
Оқыту семинарының мақсатымен әдістемелік кабинет әдіскері Сейсекүл Мамырқұлқызы Бердібаева таныстырып өтті.
Мақсаты: Химия және биолгия пәндерінен зерттеушілік әдісті қолданудың тиімділігі мен ерекшіліктерін көрсету, тәжірибе алмасу;
Ғылыми зерттеулер мен эксперименттік қызметті ұйымдастыру және жоспарлау тәжірибесімен бөлісу.
Тәжірибе алмасу бойынша төмендегі мектеп мұғалімдері шебер сабақ өткізді.
Атап айтқанда:
- Эльдар Тойлыбаев «Заңғар» жббм химия пәнінің мұғалімі «Олеум есептерін шығару алгоритмі»;
- Гүлімжан Жамалова Ш.Қалдаяқов ат. жббм химия пәнінің мұғалімі «Термодинамика заңдылықтары»;
- Гүлжамал Қабаева Б. Момышұлы ат жббм. химия пәнінің мұғалімі « Электролиз» ;
- Калима Сманова А.С.Макаренко ат жббм. биология пәнінің мұғалімі «Биология сабағында PISA тапсырмаларын қолдану»;
- Ләззат Мамытбаева Қ.Тұрсынқұлов ат м/г. биология пәнінің мұғалімі « Мендель ашқан белгілердің тұқымқуалау заңдылықтары» тақырыбында зерттеулерімен экспермименттік қызметтерінің тәжірибесін көрсетті.
Оқыту семинарының екінші бөлімінде мұғалімдердің іс-тәжірибесі таратылды.
1. «Генетика негіздері» тақырыбында А.С.Макаренко ат. жббм биология пәнінің мұғалімі Сманова Калиманың авторлық бағдарламасы;
2. «Биологиялық есептарді шығару жолдары» тақырыбында Қ.Тұрсынқұлов ат м/г биология пәнінің мұғалімі Мамытбаева Лаззаттың әдістемелік жинағы таратылды.
Айта кететін, ғылым саласы елдің даму көрсеткішінің алғашарты сияқты. Адам өмірін жеңілдететін технологияларды әзірлеу білімді қажет етеді. Бұл сала елдің стратегиялық бағытының маңызды бағыты болып есептелетіндіктен, экономикалық өсімге де ерекше әсер етеді.
Қазіргі уақытта ғылыми саланы дамыту, оның нәтижелілігін арттыру мемлекеттің өзекті міндеттерінің қатарына кіреді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды қаржыландыруды едәуір арттыруды тапсырған болатын.