Жетісай ауданының білім бөліміне қарасты мектеп оқушылары арасында "Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам" атты инновациялық идеялар байқауы болып өтті.
Байқаудың мақсаты: Білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі саласындағы, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру.
Нәтижесінде; Автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру шарты бойынша І орын №73 ЖББМ оқушысы Қалдан Қалжігіт;
ІІ орын №6 Б.Момышұлы атындағы МГ оқушысы Зульфыхар Нурислам;
ІІІ орын №40 Ынтымақ атындағы ЖББМ оқушысы Шергозы Еркебұлан.
Өндіріс саласындағы техникалық құрастыру шарты бойынша І орын №57 Сарыарқа атындағы ЖББМ оқушысы Тилеукабыл Нұрдәулет;
ІІ орын №70 ЖББМ оқушысы Кұдайқұл Әнуар;
ІІІ орын №35 атындағы Қараөзек ЖББМ оқушысы Таңатар Серғали иеленді.
Ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру шарты бойынша І орын №50 Р. Қошқарбаев атындағы ЖББМ оқушысы Тұрлыбек Нұрасыл мен Рахманов Сұлтан;
ІІ орын №8 Алпамыс батыр атындағы ЖББМ оқушысы Бейсенбай Ердәулет.
Әскери техника саласындағы техникалық құрастыру шарты бойынша І орын №9 Қонаев атындағы IT Мектеп Лицей оқушысы Кикбай Даниял;
ІІ орын №6 Б. Момышұлы атындағы МГ оқушысы Жұман Думан иеленсе;
Жылу энергетикасы, электр энергетикасы, баламалы энергетика саласындағы модельер шарты бойынша І орын №32 Ш. Құдайбердиев атындағы ЖББМ оқушысы Жұмамұрат Ерболат;
ІІ орын Жеңіс МГ оқушысы Қуаныш Дамир;
ІІІ орын №1 М. Горький атындағы МГ оқушысы Цой Даниэль иемденсе ал өзге байқауға қатысушыларға алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.
Айта кететін, қазақ ғылымы дамуының негізгі күші – ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындары. Қазіргі таңда Қазақстанда ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын 396 ұйым бар. ҚР Білім және ғылым министрлігінің жетекшілігімен еліміздегі оқу орындары жанынан ғылыми-зерттеу орталықтарының құрылуы да отандық ғылымның ілгерілеуіне өзіндік үлесін қосуда. ҚР Ғылым қоры желісі бойынша 2016 жылдан бастап ғылыми қызмет нәтижелері коммерцияландырылатын 151 жоба қаржыландырылады. Бүгінде 120-ден астам жоба сату кезеңіне шықты. Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, ғылым саласында қазіргі таңда 22 665 ғалым мен зерттеуші жұмыс істейді, олардың 35%-ының ғылыми немесе академиялық дәрежесі бар. Сондай-ақ ғылымға қызығушы азаматтарымыздың магистратура мен докторантурада өз білімдерін шыңдауы үшін және шет мемлекеттерде тағылымдамадан өтуі үшін арнайы гранттар да бөлінуде. Соңғы жылдары гранттардың саны өсумен қатар оларға берілетін стипендияның көлемі де айтарлықтай ұлғайып отыр. Мысалы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің дерегінше, 2021-2022 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс бойынша магистратураға – 13 263, докторантураға – 1 890 грант бөлінген.
Статистикалық деректерге сүйенсек, Қазақстанда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) ішкі шығындар 2017 жылдан бері айтарлықтай өскен. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-талдамалық жүйесіне сүйенсек, 2017 жылы осы мақсатта жұмсалған қаражат көлемі 540 373, 6 мың теңге болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 713 553,9 мың теңгені құраған.
Қазақстанда ғалымдардың орташа жалақысы өсті. Білім және ғылым минстрлігінің мәлімдеуінше, бұған дейін ғалымдардың жалақысы 152 мың теңге болса, енді ол 257 мың теңгеге өсіп, 1,5 миллион теңгеге дейін өзгеріп отырады. Қабылданған заңнамалық түзетулердің арқасында жетекші ғалымдардың еңбекақысы (1200 адам) базалық қаржыландыруға қосылды. Бұл ретте ғалымдарға төленетін қосымша авторлық сыйақының жалпы сомасы 338 млн теңге болды. Ал инновациялық жобаларды сатудан түскен кіріс 16,3 млрд теңгені құраған.
Еске саларлық, 2021 жылы министрлік «Үздік зерттеуші» байқауын өткізіп, оның қорытындысы бойынша 50 жеңімпаздың әрқайсысы 6 миллион теңгеден алған. Ал докторанттардың шәкіртақысы 2019 жылғы 82 000 теңгеден биыл 195 000 теңгеге дейін өскен.