Байден аяғын сындырып алды

Байден аяғын сындырып алды

АҚШ-та президент сайлауынан кейін өзін жеңімпаз деп жариялаған Джо Байден томографияға түсіп, табаны сынғаны анықталды, - деп хабарлады РИА Новости

 «Компьютер томографиясы оның қаптал және ортадағы шыбық сүйегі жіңішке болып сынғанын анықтады», - деді репортерлер дәрігердің сөзін келтіріп.

Хабарламада енді Байденге бірнеше апта бойы арнайы аяқкиім киюге тура келуі мүмкін екені айтылған.

Байден сенбі күні өзінің иті Мейджормен ойнап жүргенде сүрініп кетіп, тобығын қайырып алды. Содан соң дәрігерге жүгінуге мәжбүр болған. Басында ортопед оның тек сіңірі созылғанын, сүйегі сынбағанын айтқан. Дегенмен ол саясаткерді қосымша тексерілуге жіберген.

Еске салайық, АҚШ-та президент сайлауы 3 қарашада өтті. Алдын ала мәліметтер бойынша Байден жеңіс жетті. Қазіргі президент Дональд Трамп жеңілгенін мойындамай, бірнеше штаттың сотына шағымданды.

 

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...