Ел алғысы - еңбекке

Ел алғысы - еңбекке

Түркістанда еңбек адамдарына арналған мерекелік кеш өтті. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков киелі шаһарды түлетуге тер төгіп жүрген азаматтарға құрмет көрсетіп, алғысын білдірді.

750 адам бас қосқан салтанатты шараға қалалық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері қатысып, адал еңбекті серік еткен жандарға ризашылықтарын жеткізді.

- Баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Түркістанның бүгінгі келбеті үшін, оның көркі мен тазалығы үшін ең алдымен Сіздерге алғысымды білдіремін! Руханият төрінің жетістіктері жолында жұдырықтай жұмылып, аянбай жұмыс атқарған Сіздердің қала дамуында үлестеріңіз зор. Ырыстарыңыз ортаймасын, шырақтарыңыз сөнбесін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман, ауызбіршілігіміз берік болсын! Дендеріңізге саулық, әр шаңыраққа шаттық, мол қуаныш тілеймін! - деді қала әкімі өз сөзінде.

 

Мерекелік кештің сәнін кіргізген қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары ән мен биден шашу шашып, әзілдерімен көпшіліктің көңілін көтерді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

AIS OIP мобильді қосымшасы азаматтарға атқарушылық өндіріс саласындағы ақпарат пен қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Қолданбаны Google...

9 мая 2025 года в Парке Победы состоялась театрализованная концертная программа, посвящённая 80-летию Великой Победы в Великой Отечественной...

2025 жылғы 9 мамырда Жеңіс саябағында Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған театрландырылған концерттік бағдарлама өтті.Концерт...