НАУРЫЗДА ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАРЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

НАУРЫЗДА ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАРЫ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Семсерлесуден Тбилисиде (Грузия) өткен Әлем Кубогының шешуші кезеңінде сапы жаттығуы бойынша Қазақстан ерлер құрамасы Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ тілшісі Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз-қызметіне сілтеме жасап. Ұлттық құрама сапында қос жерлесіміз Ерлік Сертай мен Эльмир Алимжанов та өнер көрсетті. Сондай-ақ, Әлем Кубогының қола жүлдегері атанды.

Португалияда дзюдодан жастар арасында Еуропа Кубогінде 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен татами шебері Орынбасар Талғат жарыстың жеңімпазы атанды. Ал, жасөспірімдер арасында Рахматулла Мансур 90 келіден жоғары салмақта сынға түсіп күміспен күптелсе, 40 келі салмақтағы жас аруымыз Абдукадырова Севинч қоланы қанағат тұтты.

Ел чемпионатына оралсақ, Шымкент қаласында өткен жатып сығымдаудан Қазақстан Республикасының чемпионатында 10 алтын, 9 күміс, 9 қола алған жалпы командалық есепте 1-ші орын алды. Ал, Тараз қаласында шахматтан мүмкіндіктері шектеулі ерлер, әйелдер және жастар (U 20) арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионатында 3 алтын, 1 күміс жүлдеге қол жеткізді. Сондай – ақ, Грек рим, еркін және әйелдер күресінен U17 жасөспірімдер мен U23 жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында да жүлдеден тыс қалмады, қоржынымызға 5 алтын, 4 күміс, 2 қола салды. Алматы қаласында өткен жеңіл атлетикадан ұзақ қашықтыққа жүру, жүгіру және лақтырудан Қазақстан Республикасының чемпионатында атлеттеріміз 6 алтын, 5 күміс, 8 қола еншіледі. Байдарка және каное ескек есуден Қазақстан Республикасының чемпионатында жарыстың алғашқы күнінде Искакова Руфина/Бровкова Мария жұбы С-2 /500 метр қашықтықта ешкімге дес бермей жарыстың жеңімпазы атанды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін таңертемен спорт сүйер көпшілік қаламыздың мақтанышы “Дендросаябаққа” жиналды. Онда Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай жаппай жүгіру...

«Интер Майами» добился крупной победы и лидирует в МЛС. Нью-Ингленд Революшн — Интер 1:4 Через неделю «Интер Майами» ждет первое в нынешнем сезоне испытание повышенной...