ШЫМКЕНТТЕ ТЕҢГЕ ІЛУДЕН II АЗИЯ КУБОГЫ БАСТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ТЕҢГЕ ІЛУДЕН II АЗИЯ КУБОГЫ БАСТАЛДЫ
V-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында Шымкенттегі орталық ипподромда Теңге ілуден II Азия Кубогының ашылу салтанаты өтті.
 
Байрақты бәсекеде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Қытай, Моңғолия, Тәжікстаннан келген спортшылар теңге ілудің 3 стилі бойынша бақ сынайды.
 
Ашылу салтанатына ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, Теңге ілу федерациясының президенті Амангелді Әбдіқадыров, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қатысып, спортшыларымызға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, атшабарда жанкүйерлер, мегаполистің тұрғындары мен қонақтары да ашылу салтанатының куәсі болды.
 
Жарысты барынша әділ бағалау үшін осы жолы теңге ілу спортының тарихында тұңғыш рет бейне қайталау жүйесі қолданылады. Сонымен қатар, уақытты өлшеу үшін арнайы лазер секундомер пайдаланылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

2025 жылы Қазақстанда 2,1 млн гектар алаңда үйірлі шегіртке тектес зиянкестердің таралуы болжануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млн гектарға...