ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ КОЛЛЕКТОР АПАТЫНАН БАСПАНАСЫ ЗАРДАП ШЕККЕН ЗЕЙНЕТКЕРГЕ ҮЙДІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ КОЛЛЕКТОР АПАТЫНАН БАСПАНАСЫ ЗАРДАП ШЕККЕН ЗЕЙНЕТКЕРГЕ ҮЙДІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ
Өткен жылдың қараша айында Шымкент қаласы Еңбекші ауданында Қамысты көшесіндегі кәріз құбыры жарылған болатын. Салдарынан Ахмет Мәметов көшесінде орналасқан 4 тұрғын үйдің аумағы мен балабақша ауласы су астында қалды. Апаттан зейнеткер Людмила Панкратованың үйі айтарлықтай зақымданды.
Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбеков су басқан аумақтың тұрғындарымен арнайы кездесіп, мәселемен танысқан еді. Осы орайда «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС компаниясының басшылығы баспананы қайта қалпына келтіруді жауапкершілігіне алды. Сонымен қатар, компания жалға алу құнын өтеп, үй тұрғындарын уақытша пәтерге көшірді.
Шымкент қаласының басшысы кезекті аралау барысында Людмила Панкратоваға жаңа үйдің кілтін табыс етті. Сондай-ақ Наурыз мерекесімен құттықтап, қарияға зор денсаулық пен амандық тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АҚШ-та жоғары білім мен ғылым саласындағы стратегиялық әріптестікті дамытуға бағытталған бірқатар...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша Көлік, Қаржы министрліктері...