“ҮЗДІК ТӘЛІМГЕР-2024” ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

“ҮЗДІК ТӘЛІМГЕР-2024” ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Шымкент қаласы білім басқармасы «Қосымша білім беру оқу салалық орталығы» мен «Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын ұйымдастыруымен, республикалық «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысына жауапты қала мектептерінің тәлімгерлері арасында қалалық «Үздік тәлімгер – 2024» байқауы өтті, деп хабарлайды ақпарат агенттігі NO-COMMENT.KZ сілтеме жасап Шымкент қаласының білім басқармасыңа.
Байқау мақсаты - Республикалық «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысын қаладағы мектептерде жандандыру, мектеп тәлімгерлерінің көшбасшылық және шығармашылық қабілетін дамыту, озық тәжірибені тарату.
Байқау кезеңдері «Мен - балалық шақтың капитанымын» өзін-өзі таныстыруы, «Менің атқарған үздік жобам» үй тапсырмасы, «Өнерлінің- өрісі кең» өз өнерлерін көрсетеді. Сонымен қатар «Тәлімгер портфолиосы» құжаттары, жетістіктері, іс-шара материалдары т.б. бойынша қатысушылар бақ сынады.
Тартысты байқау қорытындысы бойынша «Бас жүлдені» №136 жоббм аға тәлімгері М.Қ. Әнуарбек, І орын - №138 жоббм аға тәлімгері А.Б.Жәрдембаева, ІІ орын - №32 жоббм аға тәлімгері А.Қ. Жаппаркулова мен №12 жоббм аға тәлімгері З.Х. Хидирова., ІІІ орын - №29 жоббм аға тәлімгері С.М.Сүгірәлі, №112 жоббм аға тәлімгері Ш.Т.Нуржанова және ЖШС "Жалын" жббм аға тәлімгері А.Т. Режепова, «Креативті тәлімгер» номинациясымен №121 жоббм аға тәлімгері Н.А. Уакбаева, «Өнерлі тәлімгер» номинациясымен №96 жоббм аға тәлімгері С.Б. Орашова, «Көрермен көзайымы» номинация №111 жоббм аға тәлімгері М.Н. Шукиралиева иеленді.
Барлық жеңімпаздар диплом және сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, Оқушылар сарайы «Тәлімгерлер мектебінің» жетекшісі Г.Тулеметова Алғыс хатпен марапатталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастық мәселелері бойынша кеңес өткізді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР...

Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында барлығы 460 мың оқушы орны ашылады, деп...

Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық...

Премьер-министр Олжас Бектенов вегетациялық кезеңді өткізу мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық...