МЕКТЕП МЕРЕЙТОЙЫ

МЕКТЕП МЕРЕЙТОЙЫ

Шымкент Қаласының Білім Басқармасына қарасты Ораз Жандосов Атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектеп іргетасының қаланғанына 60 жыл және мемлекет қайраткері Ораз Жандосовтың 125 жыл толуына орай қатар келген қос тойдың мерекелік кеші аталып өтті, деп хабарлайды ақпарат агенттігі NO-COMMENT.KZ сілтеме жасап Шымкент қаласының білім басқармасыңа.
Білім ошағын мерейлі мерейтойымен құттықтап, қуанышын бөлісуге қалалық мәслихатының төрағасы Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы, қалалық мәслихаттың депутаттары Қалмұратов Мұратәлі Оразәліұлы, Балтабаев Талғат Дүйсебайұлы, Имашев Қайрат Есенбекұлы, жазушы Серік Жанәбіл, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының мүшесі, қалалық әйелдер кеңесінің төрағасы Джандосова Баян Айтбековна, қалалық әдістемелік орталықтың міндетін атқарушы Умарова Бекен Хусаиновна, А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасының директоры Романова Наталья Сергеевна, Ораз Қиқымұлы Жандосовтың немересі Джандосова Ажар Санджаровна, ардагер ұстаздар, мектеп түлектері, ұстаздар мен оқушылар келді.
Мектеп ұжымын мерейлі жасымен құттықтап, жылы лебіз білдірген кеш қонақтары алдымен көрнекті мемлекет қайраткері Ораз Жандосовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Содан кейін қонақтар мектептің фойесіндегі көрмені аралап болған соң, мектептің 60 жылдық тарихына арналған «Мектебім, жүрегімнің төріндесің әрдайым!» атты кітаптың тұсаукесері өтті.
Мерекелік кеште ұстаздар қауымы Еңбекші ауданы әкімінің, қалалық білім басқармасының, қалалық мәслихат хатшысының Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды.
Мерекелік кеште мектеп тарихы, мектеп басқарған басшылары, ұстаздардың еңбек жолдары туралы сыр шертілсе, мектеп ұстаздары мен оқушылары өз өнерлерін көрсетті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ