ШЫМКЕНТТЕ IT HUB АШУҒА МҮМКІНДІК КӨП

ШЫМКЕНТТЕ IT HUB АШУҒА МҮМКІНДІК КӨП
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік деңгейде инновациялық экожүйені кеңейтудің маңызын «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өтіп, Astana Hub тәжірибесін кеңінен насихаттап, өңірлерде дамыту міндетін қойған болатын. Өңірлік хабтар ұйымдастыру, аймақтарда IT-саланың дамуына жол ашады.
Осыған орай, қаламыздағы Көрме орталығында «Google Devoloper Groups» тақырыбында ІТ конференция өтті.
Конференцияға мегаполистегі стартап жобалары бар жоғары оқу орындары, сала бойынша білім алып жатқан студенттер, жалпы ІТ саласы қызықтыратын көпшілік қатысты.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша 30-ға жуық ірі IT компаниясы жұмыс істейді.
-Өңірлік ІТ саласын дамытуға ықпал ету, ақпараттық технологиялар саласында тәжірибе, білім және идеялар алмасу үшін конференцияның маңызы зор. Сонымен қатар, ІТ мамандарын, жоба әзірлеушілерді, кәсіпкерлерді және мемлекеттік қызметкерлерді біріктіру мен цифрландыру саласына қызығушылығы бар жастарға бағыт-бағдар беру де басты мақсатымыз. Келешекте Шымкент қаласында өз ІТ орталығын ашсақ дейміз,- дейді Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов.
Конференцияда «Тolem taxi» өнімінің өкілдері өз өнімдерін таныстырды. Өңірдегі көліктік саланы цифрландыру жүйесі бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Сонымен бірге, басқа да түрлі мобильді қосымшалар мен автоматты басқару бойынша тәжірибелік сабақтар тыңдалды.
Конференцияда Ақпараттық технологиялар саласындағы стартаптарды дамыту үшін қолайлы инфрақұрылым мен экожүйені құрудың маңыздылығы талқыланды. Бұл инвестицияларға қол жеткізуді, мемлекет тарапынан қолдауды және инновациялық даму үшін жағдай жасауды қамтиды. Конференцияға қатысушылар өңірлік it жобаларға инвесторларды тарту, сондай-ақ жас кәсіпкерлерге арналған оқыту бағдарламалары мен инкубаторларды ұйымдастыру бойынша ықтимал шараларды талқылады.
Мұндай іс-шаралар өңірдегі IT-саланың дамуына ықпал етіп қана қоймай, жаңа таланттарды тартуға жағдай жасайды, экономикалық өсуді ынталандырады және өңірдің әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Аталған Жарлық Президенттің биыл 7 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау шеңберінде әзірленді, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі...