"Қазына" би ансамблін арнайы құттықтады!

"Қазына" би ансамблін арнайы құттықтады!
Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы “Қазына” би ұжымын II Халықаралық «LAZGI» би фестивалінде жүлделі І орын алуымен құттықтады, деп хабарлайды ақпарат агенттігі NO-COMMENT.KZ.
Сәрсен Абайұлы:
— “Қазына” би ансамблі қазақ өнерін әлемге танытып жүрген бірден бір үздік би ұжымы. Әр жеткен жетістігі үшін мақтанып, марқайып отырамыз. Алдағы уақыттарда бұдан да биік шыңдарды бағындырып, Қазақ елін әлемге танытады деп нық сеніммен айта аламын. Әр уақытта қолдаймыз, құрметтейміз. Жеңістеріңіз құтты болсын!”-деп ізгі тілегін жеткізді.
Естеріңізге сала кетсек, «Қазына» би ансамблінің алғашқы құрамы 1989 жылы әл-Фараби атындағы мәдениет институтының негізінде құрылған, Қазіргі таңда, ансамбльдің көркемдік жетекшісі және бас балетмейстері Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты Әжібекова Зауре Бекембайқызы.
Биыл 2024 жылғы 21 қаңтар күні «Қазына» би ансамблінің құрылғанына 35 жыл толуын атап өту аясында «Fashion show by QAZYNA» іс-шарасы жоғары деңгейде аталып өткен болатын.
Жыл басынан бері жеткен жетістіктері жоқ емес, атап айтсақ:
Астана қаласында өткен 19 наурыз күні, «НАУРЫЗ-2024» ұлттық сыйлығының «Үздік ұлттық би ансамблі» марапатына ие болса, Түркіменстан, Ашхабад қаласында өткен «Анев 2024 - Түркі әлемінің мәдени астанасы» ашылу салтанатына қатысты, Ресей мемлекетіндегі Пенза қаласында 5-9 сәуір аралығында «Қазына» халық би ансамблінің солистері Мельников Владислав, Исаева Тахмина және Тұнғышбаева Аделина VIII халықаралық «Өз жұлдызыңды жандыр» хореографиялық өнер байқау-фестивалінің Гран-при иегері атанды. Сондай ақ, Швейцария, Женева қаласында ТҮРКСОЙ Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының ұйымдастыруымен өткен Түркі апталығында бой көрсетті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне...

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...