Imanbek ҚР Президенті күзеті қызметіне арналған бейнебаянның аранжировкасын жасады

Imanbek ҚР Президенті күзеті қызметіне арналған бейнебаянның аранжировкасын жасады
"Грэмми" сыйлығының иегері Иманбек Зейнеков Президенттік оркестрдің "ABYROY" тобы орындайтын патриоттық хит-ән - "РУХ" композициясына арналған бейнебаянның аранжировкасын жасауға қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған бейнебаян туралы ақпарат ҚР Президенті күзеті қызметінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

"Көптен күткен оқиға! ҚР Отан қорғаушылар күніне арналады! Бірінші болып көр! Президенттік оркестрдің "ABYROY" тобы орындайтын патриоттық хит-ән - "РУХ" композициясының клипінің тұсаукесері! Толық нұсқасы ҚР МКҚ-нің Youtube хостингіндегі парақшасында жарияланды. Сілтеме осы парақшаның биосында!Бейнеклипте Қазақстанның арнаулы және әскери құрылымдарының жауынгерлік күштерінің іс-қимылы бейнеленген"делінген бейнебаян сипаттамасында.

 

Режиссері - Еламан Буралкиев. Әуеннің клипке арналған аранжировкасын жасауға Иманбек Зейкенов қатысқаны да нақтыланады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстандық авторлар мен композиторлар өз туындылары үшін өтемақы алу проблемаларын жиі айтады. Мүліктік құқықтарды басқарушы ұйым өз жұмысын...