Мектеп түлектері ағаш отырғызды

Мектеп түлектері ағаш отырғызды
Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы өтуде, деп хабарлайды ақпарат агенттігі NO-COMMENT.KZ.
«Өнегелі ұрпақ – өнегелі іс» жобасы аясында Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның түлектерімен кездесуі өтті. Кездесуге «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы – Жанар Бектаева Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент кампусының директоры - Талғат Ануарбек, Шымкент қаласы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы - Руслан Тұңғышбаев, «САМИ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры – Сакен Жамашев, белгілі спортшы – Жазира Жаппарқұл және өзге де қонақтар мен оқушылар қатысты. Жиында еліміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтар сөз сөйлеп, қызықты оқиғаларымен бөлісті. Бүгінгі жетістігіміздің ең негізгі себепкерлері дәл осы білім ұясы. Қанатың қатайып, биікке ұмтылғың келсе, тәртіпке бағынып, ұстаздың айтқанын орындау керек, дейді жиынға келген қатысушылар. Іс-шара барысында мектеп оқушыларына қонақтар өмірлік сабақтарымен бөлісіп, ақыл-кеңестерін айтты. Сондай ақ, жастар сұрақтарын қойып, мардымды жауап алды.
Келелі кездесуден кейін, түлектер «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында мектеп ауласында ағаш отырғызды. Білім ұясының айналасы жасыл желектер мен гүлге толды. Алдағы уақытта көгалдандырылған аймақты баптауға мектеп оқушылары атсалысатындарын айтты. Сондай-ақ, іс-шараға «Экология, өлкетану және туризм орталығы» мекемесінің өкілдері белсенді қатысты.
Айта кетейік, отырғызылған ағаштарды бақылау әрі күту толығымен білім беру мекемелеріне жүктеледі. Жыл бойы ол ағаштарға күтім жасалынады. Ағаштарды суғару, тыңайтқыш пен магистральдық шеңберлерді аэрациялаумен қамтамасыз етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Лю Гочжунмен...