«Өнегелі ұрпақ» апталығы: Тазалықты насихаттайтын флешмоб өтті

«Өнегелі ұрпақ» апталығы: Тазалықты насихаттайтын флешмоб өтті

Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы ерекше өтуде, деп хабарлайды ақпарат агенттігі NO-COMMENT.KZ. Үлкен де, кіші де, қайраткер де барлығы тазалық акциясына белсінді қатысуда. Тазалық жұмысы тек тазалықпен шетелмей, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, апталықты айшықтай түсті.
Бүгін «Өнегелі ұрпақ» акциясы аясында Шымкент қаласының белсенді жастары, оқу орындарының ұйымдары мен жоғарғы оқу орындары және техникалық және кәсіптік орта білім беру мекемелерінің жастары тазалық акциясын насихаттай отыра, Арбат демалыс аймағында 300-ге жуық жастың қатысуымен «Өз елін сүйетін өнегелі ұрпақ» тақырыбында флешмоб ұйымдастырды.
- Қазіргі таңда абаттандыру мен сенбілік жұмыстарына қаламыздың жастары белсене қатысуда. Бұл апталықтың атауы – «Өнегелі ұрпақ». Осы орайда, жастар ардагерлер үйі, қарттар үйілеріне арнайы барып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. «Өнегелі ұрпақ – ұлт болашағы!», - дейді М.Әуезов атындағы ғылыми зерттеу университетінің белсенді жасы Нұраят Зият.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
«Шын мәнінде, елімізді көгалдандыру, абаттандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бір реттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Туған жерімізді таза ұстауымыз керек. Бұл – жалпыұлттық мәселе»- деген болатын.
Осыны ескерген жастар « «Біз – жастар, «Жаңа Қазақстан» акциясын толық қолдай отырып, еліміздің дамуы мен көркеюі үшін барлық күш-жігерімізді жұмсап, ел жолында аянбай еңбек етуге уәде береміз», - деді.
"Өнегелі ұрпақ" акциясы аясында белсенді қызметін аяқтай отырып, Шымкент жастары осы маңызды іс-шараны қолдаған және оған қатысқан барлық қатысушыларға алғыстарын білдіреді. Оның еңбекқорлығы мен ынта-жігері қамқор және гүлденген қоғам құруға айтарлықтай үлес қосады.
Айта кету керек, бұл акциялар біздің жасыл, таза және үйлесімді болашаққа сапарымыздың бастамасы ғана. Қала жастары өз қызметін жалғастыруға және қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік даму жөніндегі жалпыұлттық стратегияларды іске асыруға өз үлестерін қосуға дайын.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне...

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...