Қобыз

Қобыз
Қазақтың музыкалық аспаптары сан алуан болып табылады. Олардың ерекші үні топтық немесе жеке орындауда кезкелген адамды таң қалдырады. Көне түркі дәуірінен біздің заманымызға жеткен ұлттық музыкалық аспаптардың бірі – қобыз.
Жалпы қобыз үніне қазақтың бүкіл жан дүниесі сыйып кеткендей көрінетіні рас. Халық аңызы мен ғалымдардың деректеріне қарағанда, ғасырлардың сырын шертетін қоныр үнді киелі аспапты VIII-IX ғасырларда Қорқыт ата жасаған деседі.
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи- мәдени музей-қорығының қорында КК 1283 номерімен қобыз сақталған. Шеберлер қобызды жасау үшін әдетте арша, үйеңкі, қарағай немесе қайың ағашын пайдаланған. Көптеген халықтардың ежелгі наным-сеніміне сәйкес, музыкалық аспаптарды бүтін ағаштан ойып жасаған. Себебі, халықта «дарақтың жаны сақталып, үнемі ән салып тұрады» деген түсінік қалыптасқан.
Қобыздың басы, екі құлағы, иілген мойны, төменгі жағында терімен қапталған шанағы, аттың қылынан жасалған қос ішегі, тиегі және ысқышы болады. Қобыз Орта Азия, Алтайды мекендеген түркітілдес халықтарға ортақ. Оған ұқсас аспаптарды Кавказ, Сібір халықтарынан да кездестіруге болады.
Қобыздың ішектері жылқының қылынан ғана емес, түйе тамырынан да жасалған. Аспаптың түрлері соған сәйкес аталады: қыл-қобыз, нар-қобыз (нар – бір өркешті түйе). Кейінірек металл ішекті түріндегі – жез-қобыз немесе қобыз-прима пайда болды.
Қобыз сазында жан дүниені шымырлатып жүректі тербейтін ерекше үн бар. Оның адам дауысына ұқсас қоңыр қою дыбысы, қыл ішектен төгілген мұңды үні тыңдаушы көңіліне ұялап, халқымызға рухани азық болып келеді.
 
Гүлмира Атабаева - Әзірет Сұлтан Ұлттық музей-қорығының экскурсоводы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне...

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...