Нашақорлықтың алдын алу

Нашақорлықтың алдын алу

Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңмен тыйым салынған есірткі заттарын пайдалану, сақтау, өсіру, сату сынды қылмыстардың алдын алып, болдырмау мақсатында үздіксіз жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды no-comment.kz ақпарат агенттігі.
Полиция қызметкерлері егінжайларды аралау, аулаларды, үй маңындағы аумақты мұқият тексеру нәтижесінде, есірткі сайттарын жарнамалайтын жазбаларды анықтап, ғимараттардың қабырғаларынан синтетикалық есірткілердің жарнамаларының граффити-жазбаларын өшіру және алып тастау жұмыстарын жүргізеді.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Интернет желісіне есірткі сату, жарнамалау деректеріне мониторинг жүргізеді.
Заңға қайшы жарнамалар анықталған жағдайда сайттар мен жазбаларды бұғаттап, орналастыруға қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша іздестіру іс-шаралары жүргізіледі.
Граффити жазуларын енгізгені және Интернет желісінде көрсетілген мәліметтерді таратқаны үшін ҚР ҚК сәйкес 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал жалпы білім беру мекемелерінде есірткі заттарын өткізгені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауапкершілік көзделеді.
Полицияның есірткі қылмысына қарсы тиімді жұмысы есірткі мәселесіне жүйелі көзқарастың маңыздылығын көрсетеді. Есірткі саласындағы заңсыз әрекеттерді анықтауға және жолын кесуге бағытталған үздіксіз іс-шараларды өткізу қоғамның, әсіресе жастар арасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.
Білім беру мекемелері арасында есірткінің таралуына жол бермеу, осы саладағы заңнаманы бұзғаны үшін қатаң жаза және халықты есірткіні қолданудың салдары туралы белсенді түрде хабардар ету есірткі проблемасымен күресте маңызды қадамдар болып табылады.
Полиция мен қоғам арасындағы ынтымақтастық есірткі қылмысына қарсы күресте шешуші рөл атқарады. Сондықтан Шымкент қаласының полиция департаменті барлық азаматтарды қырағы болуға және есірткі саласындағы бұзушылықтарды анықтауға және алдын алуға белсенді жәрдемдесуге шақырады.
Қоғам мен құқық қорғау органдарының бірлескен күш-жігерімен ғана есірткі қылмысына қарсы күресте айтарлықтай прогреске қол жеткізуге және оның барлық мүшелері үшін қауіпсіз қоғам құруға болады.
Сондықтан Шымкент қаласы полиция департаменті қала халқын есірткінің таралуы туындайтын жәйттерге тап болған жағдайда, қылмысқа әрекетсіздік танытпастан 102 арнасына хабарлауға шақырады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне...

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...