«Өнегелі ұрпақ» апталығы: Жастар мұражай маңын тазалады әрі пайдалы ақпараттар алды

«Өнегелі ұрпақ» апталығы: Жастар мұражай маңын тазалады әрі пайдалы ақпараттар алды

Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы өтіп жатыр, деп хабарлайды ақпарат агенттігі NO-COMMENT.KZ. Бұл апталықта түрлі атаулармен іс-шаралар ұйымдастырылып, апталықтың маңыздылығын аша түскендей.
Сондай іс-шараның бірі- «Ұрпағыңа қалдырған өнегең мол» атаумен өтуде. Осы атаумен өткізіліп жатқан іс-шара бойынша Д.Қонаев мұражайының ауласында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараға қаланың белсенді жастары, студенттер және Тұран ауданының тұрғындары атсалысып, 80-ге жуық астам адам қатысты. Қала жастары мұражай аумағын қоқыстан тазартып, шөптерін орумен, мұражай ішінде шаң-тозаңды сүртіп, тазалық жұмыстарын жүргізумен айналысты.
Жастар тек қана тазалық жұмыстарын жүргізіп қойған жоқ, сонымен бірге Д.Қонаевтың өмірі мен қызметі жайлы пайдалы ақпараттар да алды.
Іс-шараға белгілі қоғам қайраткерлері Шәріпбек Жамалбек, Пернеев Ерназар және басқа да азаматтар қатысып, өз үлестерін қосты. Жастарға ақыл-өсиетін айтып, бағыт-бағдар берді.
Ал «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Бекзат Төлебай іс-шара мен оның маңыздылығына тоқталып, жастарға берер тәлім-тәрбиесін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, белгілі қоғам қайраткерлерінің іс-шараға қатысуы қоғамдық көшбасшыларды қолдау мен экологиялық бастамаларға тартудың маңыздылығын атап өтті. Олардың үлгісі жастарды осындай іс-шараларға белсенді қатысуға шабыттандырды және қалада азаматтық белсенділіктің дамуын ынталандырды.
"Өнегелі ұрпақ" апталығы мәдени мұраны жинау және таныстыру уақыты ғана емес, сонымен қатар адамдар қоршаған ортаны және ата-баба мұрасын сақтауға ортақ ұмтылыспен біріктірілген қоғамдастықтың қалыптасу уақыты болды. Мұндай оқиғалар Әлеуметтік байланысты нығайтуға және қалалық табиғатқа қамқорлық мәдениетін дамытуға ықпал етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстандық авторлар мен композиторлар өз туындылары үшін өтемақы алу проблемаларын жиі айтады. Мүліктік құқықтарды басқарушы ұйым өз жұмысын...