Жас спортшылардың жарқын жеңісі

Жас спортшылардың жарқын жеңісі
Бүгінде Түркістан қаласында жастайынан спортты өздеріне серік етіп, жарқын жеңісімен қуантып келе жатқан балаларымыз баршылық. Еліміздегі спорт алаңдарында жеңіс тұғырынан көрініп, әлемдік ареналарда да қаламыздың ғана емес, еліміздің намысын абыроймен қорғап жүрген жасөспірімдер түркістандықтардың мақтанышына айналуда. Сондай жасөспірімдердің бірегейі – М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясының оқушылары Әсия Асылхан мен Нұрислам Сұлтанхан бүгінде тағы бір жарқын жеңістерімен қуантып отыр, деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ ақпарат агенттігі.
М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Әсия Асылхан 8 жасынан бастап шахмат үйірмесіне қатысып келеді. Қазіргі таңда 16 жасқа дейінгі Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі атанған жас спортшы еліміздегі бірнеше жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленген. Сонымен қатар, Малдив аралдарында өткен Батыс Азия чемпионатында классикалық шахматтан ІІІ орын, Блицтан ІІ орынды, Индонезия елінде өткен Азия чемпионатында шахматтың Блиц түрінен ІІ орынды иеленген. 2023 жылы 14 жасқа дейінгі қыздар арасында өткен Қазақстан кубогының иегері, Біріккен Араб Әмірлігінде өткен Азия чемпионатында командалық есепте 1 орын иегері атанса, 2024 жылы қыздар арасында Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды. Қазіргі таңда Бразилия елінде өтілетін Халықаралық жарысқа жолдама алып, әлем чемпионатына дайындық үстінде.
Ал, 1-сынып оқушысы Нұрислам Сұлтанхан оқудың алғашқы күндерінен-ақ өзін ерекше тұлға ретінде көрсетіп келеді. Оқуға деген жауапкершілігі жоғары жас сабақта өте зейінді оқушылардың бірі. Бес жасынан бері шахман ойнап келе жатқан Нұрисламның да жетістііктері аз емес. 6 жасында-ақ шахматтан І орынға қол жеткізді! Бапкері Қуанышбек Жұмадуллаевтың еңбегінің нәтижесінде 2023 жылғы маусым айында Азия чемпионатының күміс жүлдегері (Өзбекстан Республикасы), 2023 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Ұлттық құрамасының құрамында (Біріккен Араб Әмірліктері) Азия чемпионатының қола жүлдегері, 2024 жылғы ақпан айында Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері, 2024 жылғы сәуір айында Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Албания Республикасы) атанып үлгерді. Енді міне, спорт шеберіне кандидат дәрежесін растап отыр.
Бүгін қос спортшыны Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қабылдап, жарқын жеңістерімен құттықтады. Жас спортшылармен сұхбаттасқан Бейсенбай Дәулетұлы олардың жоспарларымен танысып, спорттағы жеңісті жолдары жалғасып, киелі өңірдің абыройын аспандата берулеріне тілектестігін білдірді. Сонымен қатар, Түркістан қаласы білім бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы бастаған ұстаздар қауымына, бапкерлеріне алғысын жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың АӨК әлеуетін күшейту туралы тапсырмасына сәйкес машина-трактор паркін жедел жаңарту және жергілікті ауыл...

Алматыда БҰҰ-ның Орталық Азиядағы жаһандық шарты Консультативтік комитетінің 3-ші отырысы өтіп жатыр. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара...