Шымкенттік мұғалім джиу-джитсудан Азия чемпионы атанды

Шымкенттік мұғалім джиу-джитсудан Азия чемпионы атанды

Қазір Абу-Даби қаласында Джиу-Джитсудан Азия Чемпионаты өтіп жатыр. 1-8 мамыр аралығына жоспарланған аламан жарыста қаламыздағы А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жұлдызай Ибраева өнер көрсетіп, алтын алқа иеленді. Алғашқы белдесуде Вьетнам спортшысымен кездесіп, жартылай ширек финалда үндістандықты ойсырата жеңген шымкенттік мұғалім финалдық кездесуде Маңғолия спортшысын ұтып, жеңіске жетті, деп хабарлайды NO-COMMENT.KZ ақпарат агенттігі.
Таеквондодан ҚР бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық жарыстардың күміс жүлдегері Жұлдызай Махмуджанқызы қаламыздың намысын талай додада абыроймен қорғап жүр.
Ересектер мен жастар арасындағы сайысқа Қазақстан Ұлттық құрамасынан 300, оның ішінде қаламыздан 10 спортшы қатысуда. Жеңімпаз Греция астанасы Афинада өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды. Сондай-ақ Азия Чемпионатында алтын алған спортшылар жыл соңына жоспарланған Анталия қаласындағы Панкратион спортынан Әлем Чемпионатында да өнер көресететін болады.
Бұл жетістік Жұлдызай Ибраева үшін және Шымкент қаласының барлық спорт қоғамдастығы үшін маңызды болды. Оның халықаралық турнирдегі жеңісі қазақстандық спортшылардың жоғары дайындық деңгейін көрсетеді және өңірдегі спорттық жеңістер дәстүрін қолдайды. Мұндай жетістіктер спорт мәдениетін дамытуға елеулі үлес қосады және қазақстандық жастардың назарын салауатты өмір салты мен белсенді спорт түрлеріне аударады.
Бұл сондай-ақ жас спортшылар үшін тамаша үлгі болып табылады, бұл тұрақты жаттығулармен, табандылықпен және адалдықпен керемет нәтижелерге қол жеткізуге болатынын көрсетеді. Біздің редакциямыздан Жұлдызай Ибраеваға әлемдік спорт аренасында одан әрі жеңістер мен жаңа жетістіктер тілейміз!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы берген тапсырмаларға сәйкес, Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен кеңесте ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі министр...

Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Премьер-министр Олжас Бектенов көктемгі дала жұмыстарының барысын тексеріп, өңірдің ауыл шаруашылығы...

ҚР Әділет министрлігі Атқарушылық іс жүргізуді цифрландыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Цифрлық көмекші» форматты-логикалық бақылау ақпараттық жүйеде қабылданған...