Шымкенттің университетінде магистранттарға арналған кабинет ашылды

Шымкенттің университетінде магистранттарға арналған кабинет ашылды
Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚУ «Басқару және бизнес» ЖМ-нің «Экономикалық теория» кафедрасында MBA/EMBA магистранттарына арналған кабинет салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды no-comment.kz ақпарат агенттігі.
Кабиенттің салтанатты лентасын М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Басқарма төрағасы – Ректор м.у.а Қайрат Нұрманбетов және әкімшілік-шаруашылық қызмет жөніндегі департамент директоры О.Акимжанов кесті. Іс-шараға Басқарма мүшесі, академиялық мәселелер жөніндегі проректор Қ.Р. Сарыкулов, Жоғары оқу орнынан кейін білім беру институт директоры Г.И. Елибаева, департамент басшылары, жоғары мектеп деканы М.Қ. Сейдахметов, кафедра меңгерушілері мен ОПҚ қатысты.
«Жоғары мектепте MBA/EMBA магистрлік жобалар және PhD докторлық диссертациялар сәтті қорғалып келеді. Ал жаңа кабинет магистранттардың МЭЗЖ жасауға, диссертациялық жұмыс және жобаларын дайындауға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Жоғары мектеп деканы М.Сейдахметов.
Кафедра меңгерушісі А.Т. Мергенбаева келген қонақтарға MBA «7М04171- Іскерлік әкімшелендіру», EMBA «7М04173-Іскерлік әкімшелендіру» ББ бағдарламаларымен таныстырып, атқарылған іс-шаралар мен жетістіктері туралы қысқаша мәлімет берді.
MBA / EMBA магистранттарына арналған кабинеттің ашылуы университет үшін стратегиялық маңызға ие, өйткені ол экономика мен бизнестегі академиялық шеберлік пен инновациялық білім беру орталығы ретіндегі беделін сақтайды. Бұл қадам университеттің заманауи оқыту әдістерін қабылдауын және студенттерді кәсіби даму мен мансаптық өсуге ұмтылуда қолдауын көрсетеді. Сонымен қатар, бұл іс-шара академиялық орта мен кәсіпкерлік практика арасындағы өзара іс-қимыл мен тәжірибе алмасу платформасын құра отырып, университет пен бизнес-қоғамдастық арасындағы әріптестік қатынастарды тереңдетуге ықпал етеді. Мұндай кабинет басқару және бизнес саласындағы болашақ көшбасшылар мен инноваторлар үшін шабыт пен зияткерлік даму көзі болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Сенбі, 18 мамыр күні Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеіңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының...