Түркістан өңірінің туристік әлеуеті «KITF-2024» Қазақстандық халықаралық көрмесінде таныстырылды

Түркістан өңірінің туристік әлеуеті «KITF-2024» Қазақстандық халықаралық көрмесінде таныстырылды
Алматы қаласындағы «Атакент» көрме орталығында «KITF-2024» Қазақстандық халықаралық «Туризм және саяхат» көрмесі өтті, деп хабарлайды no-comment.kz ақпарат агенттігі. 28 елден 406 компания қатысқан ауқымды іс-шарада Түркістан өңірінің туристік әлеуеті таныстырылды, жарнамаланды.
Саяхатты дамытудың жаһандық алаңында облыстық мәдениет және туризм басқармасы, «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы, өңірде орналасқан қонақ үйлер, шипажайлар, демалыс аймақтары, туристік компания өкілдері өз қызметтері жайлы мәліметтерді ұсынды. Атап айтқанда, «Karavansaray» кешені, «Hampton by Hilton Turkistan», «Silk Way» және «Ramada by Wyndham Turkistan» қонақ үйлері, «Сарыағаш» және «Манкент» шипажайлары, «Turan-Sayahat-t», «Turan tour», «Sultan travel Turkistan» туристік компаниялары, «Жени и Люды» қонақжай үйінің, «Termal Sairamsu» демалыс аймағының өкілдері өз үлестерін қосып жатыр. Ақпараттық стендке ұлттық тағамдар, облысты танытатын арнайы брендтік бұйымдар, үнпарақтар қойылды, таратылды.
Делегация Түркістанға туристерді тарту бойынша түрлі әуекомпаниялары, туристік бизнес өкілдерімен келіссөздерді белсенді жүргізді. Түркістан өңіріндегі тарихи-танымдық (зиярат), емдік-сауықтыру және экологиялық туризм бағыттары туралы кеңінен насихаттауға берілген мүмкіндікті пайдаланды. Халықаралық туристік көрме жұмысы 26 сәуірге дейін болды.
Іс-шара аясында «TREND ZONE : тартымды нүктелер» тақырыбымен іскерлік бағдарламасы күтілді. «Алға, Қазақстан!: туризмді дамыту құралдары» пленарлық отырысы өтуде. «Халықаралық тәжірибенің сәтті жағдайлары» атауымен баяндамалар оқылып жатқан. Оның ішінде қатысушы елдердің табысты тәжірибесі, әлеуетті бірлескен трансшекаралық жобалар, туризмді қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар және Қазақстанды туристік бағыт ретінде ілгерілету құралдары талқылану үстінде. 55 спикер қонақтарға маңызды әрі өзекті мәселелер, трендтер жөнінде пікірлерімен бөлісті. Дәлірек тоқталғанда KITF туристік форумы диалогтық платформалар, панельдік сессиялар, компания презентациялары, сарапшылық семинарлар, пленарлық сессиялар, желілік сессиялар, серіктестік кездесулерді қамтылған.
Айта кетейік, KITF – 2001 жылдан бастап ұйымдастырылып келе жатқан Орталық Азиядағы туризм индустриясының жыл сайынғы ең күтілетін оқиғасы мен танымал алаң болып табылады. Оған Әзербайжан, Беларусь, Вьетнам, Грузия, Греция, Египет, Италия, Үндістан, Қазақстан, Катар, Қытай, Қырғызстан, Куба, Малайзия, Мальдив аралдары, БАӘ, Ресей, Румыния, Словения, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Хорватия, Черногория, Чехия, Шри-Ланка, Оңтүстік Корея, Жапония секілді туризмі дамыған елдер қызығушылық танытып қатысса, биыл алғаш рет Камчатка өлкесі, Алтай Республикасы (РФ), Румыния, Фу-Куок (Вьетнам) қосылып отыр. Іс-шараны ҚР Туризм және Мәдениет министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «Kazakh Tourism» ҰҚ» АҚ, Қазақстандық туризм қауымдастығы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Туристик қамкор» корпоративтік қоры бірлесіп ұйымдастырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне...

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...