Шымкент қаласының білім басқармасы Әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, 2024 жылдың 3 мамыр күні дәстүрлі «Құнды құжат» қалалық байқауы өткізілді, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Шымкент қаласының Білім басқармасына сілтеме жасап.
Байқаудың мақсаты: жекелеген адамдардың архивтерінде сақталып қалған жыр-дастандардың қолжазбаларын, майданнан жазылған хаттарды, награда қағаздарын және тарихымызға қатысты құнды құжаттарды жинақтап мұрағатқа тапсыру.
Негізгі міндеті Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласының «Таным мен тағылым» бөліміне сәйкес жас ұрпақтың тарихи санасын айқын әрі берік қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Байқауға қатысуға білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарынан 14 сұраныс түсіп, 12 жұмыс қабылданды.
Ережеге сәйкес байқау жұмыстары үш бағыт бойынша қарастырылды:
1. Көне жыр-дастандар жазылған қолжазбалар.
2. ХХ ғасырдың 40-жылдарына дейінгі қолжазбалар.
3. Ұлы Отан соғысынан бүгінгі күнге дейінгі құнды құжаттар.
Ұсынылған жұмыстарды байқау Ережесіне сәйкес, жан-жақты саралай отырып қазылар алқасы төмендегідей шешім шығарды:
1 орын – дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернат оқушысы Мұратбек Әсел;
2 орын – №5 Молда Мұса атындағы ЖОББМ оқушысы Берестенов Егор және Parasat AJ жекеменшік мектептің оқушысы Орынбек Нұрислам;
3 орын – №41 мектеп-лицей оқушысы Калаева Сафина, №86 ЖОББМ оқушысы Еркімбек Мардан, Parasat AJ жекеменшік мектептің оқушысы Қуандық Молдияр.
Бұл байқау Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығы өзінің жылдық Жоспары аясында ұйымдастырған көптеген іс-шаралардың бірі ғана. Мұндай оқиғалар өңірдің тарихи мұрасын сақтап қана қоймай, білім беру мекемелерін оқушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыруға белсенді қатыстырады.
Әр түрлі білім беру ұйымдарының қатысуы мен қолдауы осындай бастамалардың маңыздылығы мен өзектілігін көрсетеді. Болашақта осындай іс-шараларды жалғастыру жас ұрпақтың тарихи санасын нығайтуға және ұлттық құндылықтарды сақтауға ықпал ететін болады.
Бұл бастама сонымен қатар аймақтағы білім беру сапасын жақсартуға ықпал ететін білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың маңыздылығын көрсетеді.