Шымкент қаласының жас ұстаздары «Ұлағатты ұстаз» акциясы аясында білім алушыларға танымдық ақпарат беру мақсатында 1- мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні Қазақстан Халықтары ассамблеясының қызметін, атап айтқанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісін қалыптастырып отырғаны туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Шымкент қаласының Білім басқармасына сілтеме жасап. Қазақстанды өз Отаны деп қабылдап, елде тұрақтап қалған ұлт пен ұлыстардың бірлігі мен олардың мызғымас ынтымағы маңызды мәселе.
Елімізде тұратын басқа этностардың барлық топтары өздерінің ұлттық дәстүрлерін, мәдениетін, өзіндік ерекшелігін сақтауға мүмкіндік алды, бұл әрбір халықтың дамуы үшін негіз қалаушы болды. Қоныс аударушылардың өздері үшін үйге айналған Қазақстанға деген алғысы жаңа Отанға деген адалдық пен махаббатқа әкелді. Қазақстан халқының бірлігі күні бұл қарым-қатынасты білдіреді, барлық этностардың одан әрі бірігуіне, достық пен келісімде бірге өмір сүруіне қызмет етеді. Ұлттық мәселені дұрыс шешу ауыр ұлтаралық қақтығыстарды болдырмауға көмектесті, елімізде сындарлы этносаралық қатынастар қалыптасты. Республика аумағында тұратын барлық өзге ұлттар өз салт-дәстүрлері мен мәдениетін, тұрмыс-салтын сақтап қалуға мүмкіндік алды. Сол себепті еліміздегі көптеген басқа ұлттар мен ұлыстар қазақ халқына тек алғысын айтады. Қазақстан халқы бірлігі күні - еліміздегі барлық ұлттардың ынтымағы мен бірлігін нығайтатын, достастық қарым-қатынасты нығайтатын айтулы мереке болып қала бермек. Бұл ретте ұлтаралық татулықты сақтаудағы ел саясатының рөлі де басым болды. Оған дәлел, бүгінгі күнге дейін Қазақстанда ұлтаралық қақтығыстардың болмауы, керісінше олардың арасындағы конструктивті этникааралық қарым-қатынастың дамуы болып отыр.
Елімізде бұл мереке – патриотизм мен адалдық мейрамы ретінде қабылданады.