Шымкентте жаңа заңнамалық өзгерістер талқыланды

Шымкентте жаңа заңнамалық өзгерістер талқыланды
Шымкент қаласы полиция департаменті және Шымкент қалалық прокуратурасымен ҚР БП ҚСжАЕК Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлерінің, полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің, тергеушілермен анықтаушылардың және олардың басшыларының қатысуымен жедел кеңес ұйымдастырылды, деп хабарлайды no-comment.kz ақпарат агенттігі.
Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.
Аталған өзгерістер Қылмыстық және Қылмыстық процестік кодекстерінде көрініс тапты. Жеке құрам қызмкеткерлеріне ензігілген өзгерістер толықтай түсіндіріліп, тәжірибеде қолданылуы пысықталды. Өзектілерін атап өтсек, ол кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша татуласуға жол бермеуі. Сонымен қатар, «кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықпен байланысты қылмыстар» деген жаңа ұғымның пайда болуы және сәйкесінше жаңа баптардың енгізілуі жеткізілді.
Бұл жедел кеңес инновацияларға бейімделудің және оларды іс жүзінде тиімді іске асыруды қамтамасыз етудің маңызды кезеңі болды. Ол құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңнаманың өзгеруіне ден қоюға және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындығы мен кәсібилігін атап өтті.
Полиция департаментінің, прокуратураның және басқа органдардың бірлескен күш-жігері қылмыстармен, әсіресе балалар мен әйелдердің құқықтары мен қауіпсіздігіне әсер ететін қылмыстармен тиімді күресуге мүмкіндік береді. Заңның жаңа нормаларын түсіндіру және қолдану халықты құқықтық қорғау деңгейін арттыруға және қоғамның дамуы мен өркендеуі үшін қауіпсіз ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне...

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту, осы бағытқа инвестиция тарту, терең өңдеу ісін ширатып, су үнемдеу технологияларын енгізу...