IKOMEK-109 SHYMKENT шағым түсіруге қолайлы

IKOMEK-109 SHYMKENT шағым түсіруге қолайлы
Үшінші мегаполис атанған Шымкент шаһары «Ақылды қала» болуы тиіс, деп хабарлайды no-comment.kz ақпарат агенттігі.
Өйткені, уақыттың талабы – сол. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Осы орайда, ikomek-109 Shymkent бірыңғай байланыс орталығы да өз үлесін қосуда.
109 – біріңғай байланыс орталығына 2023 жылы 241 206 түскен арыз шағымдар түсіп, жұмыстық тәртіппен орындалған. 3761 арыз шағым осы жылы жұмыстық тәртіппен қаралуда. Өзекті арыз шағымдар ішінде қоғамдық көлік, қалалық жарық жүйелері, қатты тұрмыстық қалдық, қаңғыбас иттердің көптігіне шағым көп екен.
Бүгінде орталыққа ашылған уақыттан бастап 759 745 өтініш түскен. 2024 жылдың 1-тоқсанында 57 921 арыз-шағымдар мен кеңес тіркеліп, қазіргі таңда, аталған шағымдардың 97,7 пайызы орындалып, тұрғындармен кері байланыс орнатылған. Қалған арыз-шағымдар жауапты мекемелер тарапынан қаралуда.
– Орталық қызметкерлері күнделікті 1000-2000 аралығында қоңырау қабылдайды. Барлық қоңыраудың 78 пайызы 1 қоңыраудан шешімін табады. Орталықтағы қоңырауларды өңдеу 5 кезеңнен тұрады. Қоңырауды қабылдап, тіркеу қарточкасы толтырылады. Орталық инспекторлары саралап, жауапты мекемелерге жолдайды. Жауапты мекемелердің қызметкерлері сәйкесінше жауап беріп, орталықтың операторлары тұрғындармен кері байланысқа шығады. Арызданушы берілген жауапқа қанағаттанса, арызы орындалса – арыз жабылады, басқа жағдайда – қайта қаралуға жолданады, – дейді 109 ситуациялық орталығының басшысы Азат Әміртаев.
Айта кетейік, орталық 123 мекемелермен бірлесе қызмет атқарады. Олар: 22 басқарма, 5 аудан әкімдігі, 7 монополист мекемелер, 71 денсаулық сақтау ұйымдары, Төтенше жағдайлар департаменті және өрт сөндіру қызметі, СЭБД, 10 лифтқа қызмет көрсетуші мекемелер, 4 қоғамдық көлік компаниялары, тұтынушылар құқығын қорғау ұйымдары.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ