Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қалалық «Құқықтық тәртіп» тақырыбындағы жастар арасында кездесу өтті

Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қалалық «Құқықтық тәртіп» тақырыбындағы жастар арасында кездесу өтті

Шымкент қаласы Білім басқармасы мен қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қалалық «Құқықтық тәртіп» тақырыбындағы жастар арасында кездесу өтті, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.

Кездесудің мақсаты - бүгінгі таңда қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі-жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың өсуіне жол бермеу, есірткі бизнесі мен нашақорлыққа қарсы күрес. Есірткі заттарын өткізу және таратуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы ақпарат беру.

Кездесуге Шымкент қаласының Полиция Департаментінің Киберпол бөлімінің топ жетекшісі Жұмабай Нұрсұлтан, Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының Ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі Бекенов Шарен Холмухамбетұлы, Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция майоры Карбеков Бауыржан, «Парасат», «Политехникалық коллдежі» МКҚК «М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар» МКҚК, «Болашақ» жоғарғы», «Авиценна» жоғары медициналық, М.Тынышпаев атындағы Шымкент көлік, «Шымкент медицина», Жол-көлік колледждерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және колледж студенттері қатысты.

Күн тәртібінде «Қылмыс – құқық бұзудың ауыр түрі» тақырыбында білім алушыларға түсіндіру жұмысын жүргізу туралы Шымкент қаласының Полиция Департаментінің Киберпол бөлімінің топ жетекшісі Жұмабай Нұрсұлтан баяндады. Сонымен қатар, өзге де түрлі мәселелер қаралып, сұрақтарға жауап берді.

Қортындылай келе кәмелетке толмағандар арасындағы және кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын құқықбұзушылықтың, оның ішінде есірткі,зорлау, ерте жүктіліктің, аутодесртукивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында колледжішілік тәрбие жоспарына сәйкес жұмыстар жүйелі түрде жұмыс атқарылып отырғандығын атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. Президенттер қайғылы оқиғаға байланысты бір-біріне көңіл айтып, Маңғыстау облысында...