«QazaqGaz» бен «Газпром» Қазақстан арқылы табиғи газ транзиті туралы келісім жасасты

«QazaqGaz» бен «Газпром» Қазақстан арқылы табиғи газ транзиті туралы келісім жасасты

«QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов және «Газпром» ЖАҚ басқарма төрағасы Алексей Миллер ресейлік табиғи газды Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстан мен Қырғызстанға 2040 жылдың соңына дейін тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттарға қол қойды, деп хабарлайды no-comment.kz тілшісі Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Құжаттарға Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен қол қойылды.

Бұдан бөлек, Роман Скляр мен Алексей Миллер «Орта Азия – Орталық IV» магистральдық газ құбырын Ресей газын Өзбекстанға тасымалдауды ұлғайтуға дайындау жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Бұл жобалар Қазақстанның газ тасымалдау жүйесінің транзиттік әлеуетін кеңейтуге және республиканың газ саласы үшін экономикалық пайданы ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ өңірлік энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға айтарлықтай үлес қосады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ханкенді қаласында (Әзербайжан) өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының XVII саммитіне...

Рудничный ауылында Бас Прокурор Берік Асылов жаңа мектеп құрылысында «уақыт капсуласын» орнату салтанатты рәсіміне қатысты. Шараға облыс әкімі...

Жыл басынан бері Қазақстанда мүгедектікті сырттай куәландыру процесіне медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары ресми түрде тартылып жатыр. Тізілімге...