“Армандар орындалады” жобасына екі жыл

“Армандар орындалады” жобасына екі жыл

Бүгін «Армандар орындалады» жобасына екі жыл толуына орай, Түркістанда мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Игі шара Түркістандық ерікті, “Армандар орындалады” жобасының негізін қалаған, Әсел Бимырзаеваның бастамасымен ұйымластырылды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.
Балалар әрдайым үлкендердің қамқорлығы мен қолдауын сезінулері керек. Мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғаммен етене араласып, өзіндік орындары бар екендіктерін жете түсінулеріне жағдай жасау назардан тыс қалмау қажет.
Балалардың барлық жағдайлары барынша ескере отырып, (денсаулық, әлеуметтік, отбасылық жағдайлары, жас ерекшеліктері) қоғаммен бірге жайлы өмір сүруге талпындыру, қамқорлықты сезіндіре отырып, балауса жүректеріне мейірім дәнін себу акцияның басты міндеті болды.
Шара мақсаты:

  • Үйден оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамнан тысқары, елеусіз қалмайтындарын ұғындыру;
  • Өмірлеріне өзгеріс енуі үшін қарапайым армандарын орындау арқылы қызығушылықтарын арттыру;
  • Үнемі жақсы дүниеге ұмтылуы үшін көмекке келетін жақсы адамдардың бар екендерін сезіндіру;

Жиында ерекше қажеттілігі бар балалардың жасаған түрлі бұйымдарынан көрме-жәрмеңке арқылы көпшілік назарына ұсынылды. Жобаның екі жылдық мерей тойының салтанатты ашылуына Түркістан қаласы әкімі Нұрбол Тұрашбеков, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Болат Серікұлы, Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы, қалалық мәслихат депутаты Бақдаулет Тұрманов, Түркістан облысы мәслихат депутаттары Инара Әбдіғаппарқызы, Бекарыс Шойбеков қатысты.
Шара барысында 11 рет өткізілген жобаның ұйымдастырыуына белсенділік танытып, өз үлестерін қосқан азамат пен азаматшаларға арнайы алғыс хат табысталды. Бастапқыда Түркістандық бүлдіршіндерді қамтыған жоба, бүгінде облыс көлемінде атап айтсақ Кентау қаласы, Отырар, Бәйдібек аудандарынан жиналған балалармен толыққан.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комиссия «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң шеңберінде жұмысын жалғастыруда. Барлық...