ЖАҢА КЕШЕН БІР МЕЗГІЛДЕ 11 МЫҢ АДАМНЫҢ ДЕМАЛУЫНА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

ЖАҢА КЕШЕН БІР МЕЗГІЛДЕ 11 МЫҢ АДАМНЫҢ ДЕМАЛУЫНА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

Төлеби ауданында туризм саласын дамыту бағытында облыс әкімінің бастамасымен «Қасқасу туристік-рекреациялық кешенінің» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.

Бұл мақсатта инфрақұрылым жүргізу үшін биыл облыстық бюджеттен 2 млрд 920 млн теңге қаржы қаралған. Жоба толық іске қосылса, шаңғы жолдарының ұзындығы 30 шақырымды құрап, бір мезгілде 11 мың адамның демалуына мүмкіндік тумақ. Сондай-ақ, аудандағы Қоғалы ауылдық округінде жеке инвестиция есебінен саумал-сауықтыру кешенінің ашылуы жоспарлануда. Оның жалпы құны – 200 млн теңге. Кешеннің сыйымдылығы 100 орынды құрайды. Онда 15 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Бұдан өзге, өңірде «Қаратау» ЖШС-і есебінен инвестициялық құны 200 млн теңгені құрайтын демалыс кешені ашылады деп күтілуде. Ғимарат сыйымдылығы 50 орынды құрап, алдағы уақытта 7 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Сонымен қатар, Қасқасу ауылдық округінде «Top resort» ЖШС-і есебінен инвестициялық құны 187 млн теңгені құрайтын демалыс кешенінің ашылуы жоспарлануда.

 «No-comment.kz»- ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

2025 жылғы 23 тамызда Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» ұранымен жалпықалалық сенбілік өтті. Экологиялық шараға 3 755 адам қатысып, 136 техника...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...