«Қазіргі кезеңде Орталық Азия елдерінің халықтар тарихындағы өзекті мәселелерін зерттеу»

«Қазіргі кезеңде Орталық Азия елдерінің халықтар тарихындағы өзекті мәселелерін зерттеу»

М.Әуезов атындағы ОҚУ «Тарих және этнология» ғылыми орталығы «Қазіргі кезеңде Орталық Азия елдерінің халықтар тарихындағы өзекті мәселелерін зерттеу» атты халықаралық ғылыми семинар өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.

Мақсат – Орталық Азия мемлекеттерінің тарихын, оның Қазақ мемлекеттілігімен тарихи сабақтастығы мәселелерін жаңа көзқарастар мен методологиялық ұстанымдар тұрғысынан зерделеу. Ғылыми басқосуда ғадымдар Орталық Азияны зерттеуде жекелеген тарихи тұлғалар, тарихи оқиғалар мен үдерістер, Қазақ мемлекеттілігімен рухани-мәдени және саяси-тарихи сабақтастық қаншалықты зерделенді деген сұрақтарға жауап іздеді. Сонымен қатар 6 бағыт (Орталық Азия елдерінің зерттеудегі деректерді зерделеу, методологиялық мәселелер, мәдени мұра, этникалық үрдістер, музейлердің рөлі) бойынша ғалымдардың зерттеулерін талқылады.

Ғылыми семинардың барысында Ресей, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстанның тарих саласындағы белігі профессорлар, ғылыми орталықтардың өкілдері, докторанттар 2023-2024 оқу жылдың қорытынды жұмыстарының нәтижесімен таныстырып, ортақ ғылыми мақалаларды жариялауға бел буды.

Ғалымдар арасында қатысқан Ресей Академиясынан этнограф И.Савин, Әзірбайжаннан белгілі академик, мәдениеттанушы - Мамедов Ф.Т., Қырғызстанның ТаласМУ – М.Жусупова, «Манас» Қырғыз-Түрк университетінің профессоры – Дженгиз Буяр, Түркі әйелдер Конгресінің координаторы, Кайсери университетінің доктор PhD Жулдыз Сахи, Өзбекстанның М.Ұлықбек атындағы Ұлттық университетінің өкілдері – Саипова К.Д., Алимарданов О.К., Инсопов А.А., Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ докторанты «Барбанг» күрді этномәдени бірлестіктің мүшесі А.Джалилов және М.Әуезов атындағы ОҚУ ғалымдары, ұйымдастырушы және модератор «Тарих және этнология» ҒО басшысы Ш.Торгаутова, «Жалпы тарих және музей ісі» кафедраның меңгерушісі Отарбаева Г.К., ҒЗИ директоры С.Боранбаев, «Қазақ тілі» кафедрасының PhD Х.Таджиев» профессор Н.Ш.Альметов өз ғылыми зерттеулерін ортақ үрдістерімен таныстырып, түбегейлі концептуалдық бір ұжымдық монографияны шығаруға жоспарын әзірледі.

Жыл қорытындысы бойынша қатысқан ғалымдарға 16 және 36 академиялық сағатымен сертификаттар табысталып, мақалалары университеттің «QAZAQTANÝ» республикалық ғылыми журналына жариялауға бекітілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ