СОЗАҚ АУДАНЫНДАҒЫ «ИНВЕСТ» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАҚСЫ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

СОЗАҚ АУДАНЫНДАҒЫ «ИНВЕСТ» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАҚСЫ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

Түркістан облысы, Созақ ауданындағы «Инвест» бағдарламасы жақсы нәтиже беруде. Бұл туралы Созақ ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Созақ ауданында былтыр мемлекеттік «Инвест» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы саласын дамытып, шалғайдағы малшыларға қолдау көрсету мақсатында 585 млн. теңгеге 43 артезиан құдығы қазылған. Жайылымдарды суландыру мақсатында орнатылған құдықтарға 320 млн. теңгеден астам субсидия берілген. Одан бөлек, 68 шаруа қожалығына күннен қуат алатын қондырғы орнатылып берілген. Мемлекет тарапынан бұл мақсатта 164 млн. теңгеден астам субсидия төленді.

Жалпы ауданда 800-ден астам агроқұрылым бар. Ауданда ауыл шаруашылығы саласын дамыту негізгі мақсаттардың бірі. Мәселен, 2018-2020 жылдары мал шаруашылығына арналған жалпы 62 артезиан құдықтары орнатылған. Биыл да шалғайдағы мал шаруашылығымен айналысатын 40 шаруалылыққа құдық қазылып, агроқұрылымдарға күн сәулесі арқылы жарықтандыру қондырғылары орнатылады. Өңірде шаруаларды қолдап, субцидиялауға бағытталған «Инвест» мемлекеттік бағдарламасына деген қызығушылық артуда.

«No-comment.kz»- ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...