Шымкент қаласының оқушылары халықаралық Айбын-2024 Х әскери-патриоттық жастар жиынына қатысты

Шымкент қаласының оқушылары халықаралық Айбын-2024 Х әскери-патриоттық жастар жиынына қатысты
ҚР Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде әр жыл сайын өткізілетін «Айбын-2024» Х әскери-патриоттық жастар жиыны 2024 жылғы 16-22 маусым аралығында Алматы қаласындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтының «ӘЛИ» оқу-жаттығу базасында халықаралық деңгейде (Қазақстан, Ресей, Беларус, Қырғыстан, Өзбекстан, Әзербайжан) мемлекеттерінің қатысуымен және еліміздің 20 (жиырма) өңірлерінің әскери-патриоттық клубтары, әскери бөлімдер, «Жас Ұлан» әскери мектептерінің әскери-патриоттық «Жас Сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері жалпы 50 (елу) команда 750 (жеті жүз елу) жастар қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.
Айтулы додада Шымкент қаласының намысын қорғаған «Сұңқар» «Болашақ» әскери-патриоттық «Жас Сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілері 30 (отыз) (20 ұл, 10 қыз) оқушы жастарымыз жоғары тың дайындықпен барлық күш-жігерін салып, өз өнерлерін паш етті.
Халықаралық «Айбын-2024» Х әскери-патриоттық жастар жиынының ережесі:
1. Айбын дарыны интеллектуалдық зияткерлік ойыны.
2. Айбын жұлдызы шығармашылық байқауы.
3. Кермеге артылу (ұлдар).
4. Арқаға жатып денені көтеру (қыздар)
5. АК-74 автоматын шашу және жинау (3 ұл, 2 қыз)
6. Пневматикалық винтовкадан ату (2 ұл, 1 қыз)
7. Әскерилендірілген этафета (4 ұл, 1 қыз)
8. Әскери кросс 3000м ұлдар.
9. Әскери кросс 1000м қыздар
10. Арқан тарту (ұлдар)
Қорытынды есепте жас өрендеріміздің жетістіктері
«СҰҢҚАР» КОМАНДАСЫ
Ак-74 2-орын
Айбын дарыны 10-орын
Айбын жұлдызы 8- орын
Пресс 1-орын
Турник 6- орын
Тир 5- орын
Эстафета 12-орын
Арқан 5-орын
1000м 9-орын
3000м 3-орын
Жалпы: 61 бал
Командалық есепте
IV ОРЫН
«БОЛАШАҚ» КОМАНДАСЫ
Ак-74 3-орын
Айбын дарыны 7-орын
Айбын жұлдызы 4- орын
Пресс 3-орын
Турник 8- орын
Тир 3- орын
Эстафета 5-орын
Арқан 1-орын
1000м 4-орын
3000м 4-орын
Жалпы: 42 бал
Командалық есепте
ІІ ОРЫН
Айта кетейік биылғы халықаралық «Айбын-2024» әскери-патриоттық жастар жиыны тұңғыш армия генералы Халық Қаһарманы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шығыс Қазақстан облысында ауылдық елді мекендерде азаматтық қорғау жүйесін дамыту және өртке қарсы қауіпсіздікті нығайту бойынша жұмыстар жалғасуда.  Жыл соңына дейін...

Президент тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет өңірлердің алдағы жылыту маусымына дайындығын кешенді түрде тексеруді жалғастырып келеді, деп...

2025 жылғы 22 тамызда мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-газ-химия салаларындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестің кезекті отырысы өтті, деп...