Тұрғын үйлерді жаңғырту қалай жүргізіп жатыр?

Тұрғын үйлерді жаңғырту қалай жүргізіп жатыр?

Қазіргі таңда Шымкент қаласында 2 452 көпқабатты тұрғын үй бар екен. Оның ішінде 2 106-сы басқару нысанына тіркеуге жататын үйлер қатарына енеді.
Мүліктің меншік иелері бірлестіктерінің институтын енгізу жөніндегі реформаны іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында басқару нысанына тіркеу жүзеге асқан. Қазіргі таңда мегаполис аумағында басқару нысанына тіркелгендер саны – 1 856 екен. Яғни, қала бойынша тіркелген басқару нысандарының саны 88 пайыздан асқан.
Оның 157-сі мүліктің меншік иелері бірлестіктері болса, 1 699-ы жай серіктестік ретінде құрылған екен. ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті бекіткен жол карталарына сәйкес Шымкентте кондоминиумды басқару жүйесін таңдау жұмыстары жалғасып жатыр. Кондоминиум нысандарының жер актісін рәсімдеу мақсатында аудан әкімдіктері тарапынан қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына тұрғындарының атынан, жалпы жиналыстың хаттама негізінде өтінім берілу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінде «Е-Шаңырақ» республикалық ақпараттық жүйесіне көппәтерлі тұрғын үйлердің техникалық паспорттарын енгізу жұмыстары толығымен аяқталған. Заң талаптарына сай, кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшері 27,3 теңге болып бекітілген екен.
Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы жұмысының бір тармағы – мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімі. Жыл басынан бері басқармаға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталатындығы туралы 384 хабарлама басқарма реестрінде тіркеліпті. Оның 35-і бюджеттік болса, қалғаны – жеке қаражат есебінен.
Шымкент қаласында нысандарды пайдалануға қабылдау актілерін салыстырып қарау бойынша түскен 345 өтініштің 108-і оң шешімін тауып отыр. Айта кетейік, биыл 56 құрылыс нысандарына қатысты тексеру тағайындау белгіленген. Оның нәтижесінже белгілі болған 35 құрылыс нысанындағы заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. Қазіргі таңда олардың орындалуы қадағалануда.
Қала аумағындағы заңсыз құрылыстарға қатысты 29 құрылыс нысандары бойынша 79 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Салынған 12 млн. теңге жобасындағы айыппұлдың бүгінде 11 миллионнан астамы өндіріліпті. Сонымен қатар құрылыс сапасына қатысты заңбұзушылықтар, үлестік қатысу туралы заңнама талаптарын бұзу фактілері де тіркелген.
Шымкент қаласындағы көпқабатты үйлердегі лифтілердің бүгінгі жағдайы туралы да айта кетейік. Шаһарда жалпы 794 лифт болса, оның 645-і тұрғын үйлерде орнатылған. Денсаулық сақтау мекемелерінде – 55, білім беру басқармасына қарасты мектептерде – 37 болса, қоғамдық орындарда, сауда орталықтарында және қонақ үйлерде 57 лифті бар.
Шымкент қаласының тұрғындары «109» І-көмек ситуациялық орталығына хабарласып, ВДГО мекемелері бойынша мәлімет ала алады. Сонымен қатар олардың жұмыстарына қатысты сыни ескертпелерді қалдыра алады. Сондай-ақ, «КазТрансГазАймақ» АҚ-нің ШӨФ-ның фронт офисінде келген тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы әзірленген бейнеролик көрсетіліп жатыр.

NO-COMMENT ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ