Шымкенттік спортшылар ерледі

Шымкенттік спортшылар ерледі
Қызылорда қаласында қол добынан ХХХІІ-ші жоғары лигадағы Қазақстан Республикасы чемпионатының соңғы тур ойындары өз мәресіне жетіп, биылғы маусымды қорытындылады, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.
"Сыр елі, жыр елі" атанған шаһардың төрінде еліміздің әр аймағынан келген алты команда қатысып өзара мықтыны анықтады.
Атап айтқанда:
1 орын - "Шымкент" (Шымкент қаласы);
2 орын - "Қарағанды" (Қарағанды облысы);
3 орын - "Қайсар-КГУ-2" (Қызылорда облысы);
4 орын - "Тұран" (Түркістан облысы)
5 орын - "Астана" (Астана қаласы)
6 орын - "Қостанай" (Қостанай облысы)
Кілең мықтылар қатысқан дүбірлі додада Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шымкент” ойын түрлерінен спорт клубы"-ның “Шымкент” командасы үздік шығып жеңіс тұғырынан көрінді. Ал, екінші орынға Қарағанды қаласының "Қарағанды" командасы жайғасты. Үздік үштікті Қызылорда қаласының "Қайсар-КГУ-2" командасы жайғасты. Чемпионаттың ең үздік ойыншысы, Шымкенттің спортшысы Ертазаева Жанерке болып танылды.
Жалпы чемпионат барысында Халықаралық бәсекелерде ел намысын қорғайтын жастар құрамасының қол добы шеберлері анықталды. Сонымен бірге, Қазақстандық ұлттық құрама сапына 10 Шымкенттік спортшылары шақырту алды.
Өткен чемпионат еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшылар мен жанкүйерлерді біріктірген нағыз қол добының мерекесі болды. Жарыс қиын күресте өтті және әр команда шеберлік пен командалық рухтың жоғары деңгейін көрсетті. Жүлделі орындарға ие болған командалардың қатысуымен өткен матчтар ерекше назар аударды. Ойындар көрермендерді соңғы секундқа дейін ұстап тұрған жарқын сәттер мен қызықты шабуылдарға толы болды.
"Шымкент" командасының жетістігі көп жылғы қажырлы еңбек пен мақсатты дайындықтың нәтижесі болды. Жеңімпаздар өз жанкүйерлеріне алғыстарын білдіріп, халықаралық аренада жаңа биіктерге ұмтылып, мұнымен тоқтап қалмауға уәде берді.
Қорытындылай келе, қол добынан Қазақстан Республикасының чемпионаты бұл спорт түрі елімізде өте танымал және болашағы зор екенін тағы да дәлелдеді. Бұл деңгейдегі жарыстар спорттық мәдениеттің дамуына ықпал етеді және жастарды спортпен шұғылдануға шабыттандырады, бұл салауатты және белсенді өмір салтына жасалған маңызды қадам.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде қайтарылған қаражат есебінен...