Атқарушылық іс жүргізудегі автоматтандыру - азаматтардың құқықтарын қорғау және қаржылық жүктемені азайту шарты

Атқарушылық іс жүргізудегі автоматтандыру - азаматтардың құқықтарын қорғау және қаржылық жүктемені азайту шарты

Жауапты органдардың мәжбүрлеп орындату қызметіне ақпараттық технологияларды белсенді енгізу - бұл уақыт талабы және қайтымсыз үрдіс. Әділет министрлігі атқарушылық іс жүргізу процесін автоматтандыру бойынша жұмыс атқарып жатыр, соның арқасында бүгінде сот орындаушыларын әрекеттерінің 80% - дан астамы жүйеде көрінеді. ҚР Әділет вице-министрі Даниэль Ваисов ОКҚ алаңында сөйлеген сөзінде мемлекеттік органдар, сондай-ақ қаржы ұйымдарының (банктердің) ақпараттық жүйелерімен интеграция жүргізу үшін қажетті мәліметтерді алу, сондай-ақ мәжбүрлеп орындау шараларын қабылдау уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік бергенін атап өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Азаматтардың ыңғайы мен атқарушылық іс жүргізу процесінің ашықтығын арттыру үшін арнайы сервистер (берешекті онлайн төлеу, СМС хабарлама, жүйедегі тараптар кабинеті, борышкерлер тізімі) құрылды және сәтті қолданылуда, олар міндетті орындау бойынша барлық іс-әрекетті қадағалап қана қоймай, сонымен қатар барлық шектеу шарасын автоматты түрде алып тастай отырып, онлайн режимде берешекті төлеуге мүмкіндік береді. Осылайша, атқарушылық өндірісті модернизациялау оның сапасын едәуір жақсартты және жүйені қоғам үшін ашық қылды», – деді спикер.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ханкенді қаласында (Әзербайжан) өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының XVII саммитіне...

Рудничный ауылында Бас Прокурор Берік Асылов жаңа мектеп құрылысында «уақыт капсуласын» орнату салтанатты рәсіміне қатысты. Шараға облыс әкімі...

Жыл басынан бері Қазақстанда мүгедектікті сырттай куәландыру процесіне медициналық-әлеуметтік сараптаманың тәуелсіз сарапшылары ресми түрде тартылып жатыр. Тізілімге...