6,5 мыңнан астам қазақстандық QR-код арқылы дәрі-дәрмек алды

6,5 мыңнан астам қазақстандық QR-код арқылы дәрі-дәрмек алды

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтерді цифрландыру шеңберінде пациенттерге eGov mobile мобилдік қосымшасында QR-код арқылы рецепт бойынша дәрі-дәрмек алуға мүмкіндік беретін жаңа сервисті іске қосты. Бұл дәрі-дәрмектерді алу процесін едәуір жеңілдетті және жүйенің ашықтығын арттырды, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Сервис пациенттерге қағаз құжатын ұсынбай, жазылған рецепт бойынша дәрілік заттарды алуға мүмкіндік береді.

Пациентті сәйкестендіру QR-код арқылы жүзеге асырылады, бұл процестің ашықтығын қамтамасыз етеді және қосып жазу жағдайларын азайтады. Дәріханалар өз кезегінде рецепттерді тезірек және дәлірек өңдейді, бұл тұтынушыларға қызмет көрсету сапасына оң әсер етеді және күту уақытын қысқартады.

Сервис іске қосылған сәттен бастап 6,5 мың азамат QR-кодты сәйкестендіру арқылы дәрілік заттарды алды.

E-Densaulyq-та QR-код арқылы дәрілік препараттарды алудың қадамдық алгоритмі

Дәрігерге бару:
•⁠ ⁠Дәрігер ДҚАЖ жүйесінде электрондық рецепт жазады.
Қосымшада рецецеп пен QR-кодты алу:
•⁠ ⁠EGov mobile қосымшасындағы e-Densaulyq қызметінде "Рецепттер – амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету" бөліміне өтіп, әр рецепт үшін QR-кодын алыңыз.
Дәріханада дәрі-дәрмек алу:
•⁠ ⁠Фармацевт QR-кодты сканерлейді және рецепт бойынша дәрі-дәрмек береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Республикалық автомобиль жолдарында 96 жол-пайдалану учаскесі және 125 жол-пайдалану пункті бар. Олар техниканы орналастыру және жол-құрылысы мен...

Қазақстанда республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісі 25 мың шақырымды құрайды, оның 3,6 мың шақырымы...