Астанада AGRICOM бесінші халықаралық конференциясы өтеді

Астанада AGRICOM бесінші халықаралық конференциясы өтеді

25 қыркүйекте AGRICOM бесінші халықаралық конференциясы өтеді. Ұйымдастырушы - Grain Market Services компаниясы, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

AGRICOM - Қазақстан астық одағының конференциялар, форумдар және дөңгелек үстелдер түріндегі астық саудасын және оны қайта өңдеу өнімдерін дамытуға, астық өндірісіне және астықты сақтау инфрақұрылымына инвестициялар тартуға бағытталған тұрақты іс-шаралар алаңы.

Ағымдағы жылы оған астық өндірумен, сақтаумен және қайта өңдеумен, ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасымен және сапасын инспекциялаумен, астықты қайта өңдеу өнімдерін ауыстырып тиеумен және тасымалдаумен, 10-нан астам елден өсімдіктерді қорғау құралдарын, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жеткізумен айналысатын компаниялардың 250-ден астам өкілі қатысады деп күтілуде.

Дәстүр бойынша AGRICOM сессияларында модераторлар мен спикерлер ретінде қазақстандық және шетелдік жетекші сарапшылар сөз сөйлейді.

2024/25 жылдары AGRICOM халықаралық конференциясының өзекті мәселелері - жаңа маусымда қазақстандық астыққа баға белгілеу факторлары, қазақстандық астықтың экспорттық әлеуетін бағалау, қазақстандық астықты экспорттық бағыттарда тасымалдау мүмкіндіктері болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...