АББАТТАНДЫРУ БОЙЫНША АУДАН ӘКІМІ ШАЯННЫҢ КӨШЕЛЕРІН АРАЛАДЫ

АББАТТАНДЫРУ БОЙЫНША АУДАН ӘКІМІ ШАЯННЫҢ КӨШЕЛЕРІН АРАЛАДЫ

Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков Шаян ауылының кіре берісіндегі Т.Рысқұлов көшесін абаттандыру бойынша бос жатқан жер аумақтарын аралады. Аралау барысында аудан әкімі бос жатқан жерлерге арнайы эскиздер жасап, ауыл тұрғындары демалатын алаңдар жасау, айналасын көгалдандыру, орындықтар орналастыру жолдарын қарастыруды тиісті бөлімдерге тапсырды. Сонымен қатар Шаянның ішін аралау барысында «Жасыл саябақтар» мекемесіне көше бойындағы ретсіз өсіп тұрған талдарды бір келкі етіп бұтау жөнінде тапсырма берді. Құрылысы аяқталған жекелеген тұрғын үйлерді пайдалануға бергеннен кейін санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органдар құқық бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаулықтарды беру арқылы тұрғын үйлерге қызмет көрсету объектілерінің болуын және абаттандыру жағдайын келісімімен тексереді. Жасыл желектерді, көгалдандырылған аумақтарды одан әрі қорғау және бақылауды жүзеге асыру үшін оларды тізімге енгізумен қатар, көгалдандырылған учаскелерге тексеріс жүргізеді және оларды төлқұжаттандырады.

 «No-comment.kz»-ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...