СЕНІМ-ЖЕТІСТІКТІҢ КІЛТІ

СЕНІМ-ЖЕТІСТІКТІҢ КІЛТІ

Қоғамдық қабылдау бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес Түркістан облыстық мәслихат депутаты Аширов Нұржан Сапабекұлы карантин талаптарын сақтай отырып, аудан тұрғындарының өтініштерін тыңдады.

Қарабау ауылының тұрғыны М.Жайынов Құларық елді мекенінде орналасқан өтпелі көпірдің проекті жасалғанын, көпірдің қаржысының бөлінуіне ықпал етуін сұранды.

Сарапхана ауылының тұрғыны Майлыошақ ауылының имамы Т.Темірбаев ауылдың 1200ге жуық халқы бар екендігін,144 отбасы тұратынын тілге тиек етіп, А.Байтұрсынов(300 балаға) шақталған мектептің құрылысына қаржы бөлдіріп беруді өтінді. Ауыл халқының саны күн санап өсіп жатқандығын ескертті.

Облыстық мәслихат депутаттары Нұржан Сапабекұлы мен Гулбахира Қалмұханқызының өткізген қабылдауларына М.Жайынов пен Т.Темірбаев қатысып екі жаққа да жеткізуді жөн санаған.

Қазығұрт ауылының тұрғыны Н.Сайрамбаев Семей ядролық полигонында қызмет атқарғандығын,мүгедектікке шыға алмай жүргендігін айтып шағымданды.

Нәтижесінде Қарабау ауылының тұрғыны М.Жайынов пен Сарапхана ауылының тұрғыны Майлыошақ ауылының имамы Т.Темірбаевтың өтініштері бойынша заң аясында түсініктеме берілді. 2021 жылдың жоспарына ендірілмегендігін айтып, 2022 жылдың жоспарына ендіруге ықпал ететілетіндігі түсіндірілді.

Қазығұрт ауылының тұрғыны Н.Сайрамбаетың өтініші бойынша тиісті орындарға хабарласып, мән-жайды анықтап жауабын хабарлайтынын айтып өтті.

Қоғамдық қабылдауға келген аудан тұрғындарының өтініштері елеусіз қалдырмай, тиісті органдарға жетуі үшін жұмыс жасайтындығын, әрқашан елмен бірге екендігін Нұржан Сапабекұлы айтып өтті.

Ауыл ақсақалдары мен аудан тұрғындары партия тарапына және де Нұржан Сапабекұлына алғыстарын айтты! Сонымен қатар жоғарыда айтылған ұсыныстардың орындалуына үлкен сенім артатындығын айтып, алда атқарылатын жұмыстарға сәттілік тіледі.

 «No-comment.kz»-ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...