ҚР БІЛІМ БЕРУДІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДЫҢ 2020-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

ҚР БІЛІМ БЕРУДІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДЫҢ 2020-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Бағдарламаның мақсаты:

  1. Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту.
  2. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның үлесін арттыру.  

Міндеттері: Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту.

  • Қалалық және ауылдық мектептердің, өңірлердің, оқу орындарының, білім алушылардың арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқарту.
  • Оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету.
  • Үздік практикалар негізінде білім алушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдарының сапасын бағалаудың жаңартылған жүйесін енгізу.
  • Экономика қажеттіліктеріне және өңірлік ерекшеліктерге сәйкес оқытудың, кәсіптік даярлықтың сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету.
  • Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету.  
  • Білім беру ұйымдарын цифрлық инфрақұрылыммен және қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен жарақтандыру.
  • Білім беруді басқару және қаржыландыру жүйесінің вертикалін енгізу.
  • Ғылымның зияткерлік әлеуетін нығайту.
  • Ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту және цифрландыру.
  • Ғылыми әзірлемелердің нәтижелілігін арттыру және әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялануын қамтамасыз ету.  

    «No-comment.kz»-ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ұлытау облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бірқатар медициналық ұйымдарға барып, өңір тұрғындарымен кездесу өткізіп, БАҚ...

Астанада Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Бейжің декларациясы мен іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай «30 жылдық...