ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТІЛ САЯСАТЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ 2020-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТІЛ САЯСАТЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ 2020-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Бағдарламаның  мақсаты - қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу.

 Бағдарламаның міндеттері:

  1. Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғырту

1.1 Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін ортологиялық кодтау.

1.2 Латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілінің салалық терминдер жүйесін жетілдіру, біріздендіру және кодтау.

1.3 Ономастикалық кеңістікті латын графикалы әліпби негізінде реттеу және стандарттау. 1.4 "Қазақ тілінің ұлттық корпусы" жобасын іске асыру.

  1. Мемлекеттік тілдің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту

2.1 Білім беру саласындағы қазақ тілінің функцияларын кеңейту және оны қолдану мәдениетін арттыру.

2.2 Мемлекеттік және мемлекеттік емес сектор ұйымдарында қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру.

2.3 Ақпараттандыру және коммуникация саласындағы қазақ тілінің қолданылуын жетілдіру.

2.4 Мәдениет, халыққа қызмет көрсету, БАҚ және бизнес саласында мемлекеттік тілдің қолданылуын реттеу, әлеуметтік беделін арттыру.

2.5 Халықаралық коммуникацияда қазақ тілінің қолданылуын кеңейту.

  1. Қазақстан азаматтарының тілдік капиталын дамыту

3.1 Орыс тілінің коммуникативтік-тілдік кеңістікте қолданылуы.

3.2 Этностық топтардың тілдерін дамыту.

3.3 Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын арттыру.

Нысаналы индикаторлары: 1) латын графикалы әліпбиді пайдаланатын жазбаша коммуникацияға қатысушылар үлесі: 2022 жылы – 10 %, 2023 жылы – 20 %,  2024 жылы – 30%, 2025 жылы – 50 %; 2) мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі: 2020 жылы – 90,5 %, 2021 жылы –  91 %, 2022 жылы – 92 %, 2023 жылы – 93 %, 2024 жылы – 94 %, 2025 жылы – 95 %; 3) мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақтілді контенттің үлесі: 2020 жылы – 74 %, 2021 жылы – 75 %,   2022 жылы – 76 %, 2023 жылы – 77 %,  2024 жылы – 78 %, 2025 жылы – 79 %; 4) үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) меңгерген халықтың үлесі: 2020 жылы – 26%, 2021 жылы – 27%, 2022 жылы – 28%,  2023 жылы – 29%, 2024 жылы – 30%,  2025 жылы – 31%. 


«No-comment.kz»-ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...