Шымкент қаласының аумағын жылумен қамтамасыз ету саласы бойынша проблема туындамайды. Шаһар аумағы боиынша 838,6 км жылу құбырлары бар. Олардың тозу деңгейі 37 пайызды құрап отыр. Сонымен қатар 23 қазандық және 17 сорғы стансалары бар.
Былтыр жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында бюджеттен 5 млрд. теңге қаржы қаралды. Нақтырақ айтар болсақ, 3,2 млрд. теңгеге 8,7 шақырым жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек 1,8 млрд. теңгеге 4,5 шақырым жылу жүйелеріне 2 нысанға (Адырбеков, Нұрсат) қайта құру жұмыстары жүргізу жоспарланып, жыл қсоңында 1 нысанның (Нұрсат) құрылыс жұмыстары аяқталды.
Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2076 көпқабатты тұрғын үй және 464 бюджеттік мекеме тұрақты жылумен қамтамасыз етілді. Мұндай жұмыстар биыл да жалғасын табуда. Атап айтар болсақ, жылу жүйелерімен үздіксіз қамтамасыз ету және тозу деңгейін төмендету мақсатында бюджеттен 4 млрд. теңге бөлінді. Оның 2,4 млрд. теңгесі 30 шақырым жуық жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал, 1,4 млрд. теңгеге 4 нысанның құрылыс жұмыстары басталып кетті. Оның ішінде 2 нысанның жылу қазандығын жаңғырту жұмыстары басталады және 7,2 км жылу жүйелеріне (2 жоба) қайта құру жұмыстары жүргізіледі.
Қала аумағында қазіргі таңда табиғи газбен жалпы 54 елді мекен қамтылған, 24 жартылай және 3 елді мекен қамтылмаған.
Былтыр халықты көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 94% пайыздан 96% пайызға дейін өсті, 6 нысан бойынша жұмыстар аяқталды (Тұран, Асар-2, Солтүстік Саяжай, Сәуле, Бозарық, Нұртас).
Биыл 4 нысанның құрылысы аяқталады. Жыл басында 3 нысанның (Қаратөбе (95%), Тәуелсіздікке 20 жыл (15%), Қайтпас-1 (15%) құрылыс жұмыстары басталған. Қазіргі танда біршама жұмыстар атқарылды. Осы жұмыстардың нәтижесінде жыл соңында табиғи газбен қамтамасыз ету көрсеткішін 97,4% пайызға жетпек.
NO-COMMENT ақпарат