Түркістан облысының өңірлік кадр резерві іріктелді

Түркістан облысының өңірлік кадр резерві іріктелді

Биылғы жылдың 1 наурызынан бастап еліміздің барлық өңірлерінде республикалық өңірлік кадрлық резевтерге іріктеу басталған болатын. Республика бойынша 11 мыңнан астам адам кандидат болу үшін өтініш тапсырған. Ал Түркістан облысынан іріктеуге қатысу үшін 634 адам құжат тапсырған. Қазіргі таңда 30 адам өңірлік кадр резервіне қабылданды. Бұл туралы брифингте Мемлекеттік қызмет істері агентігінің облыстық департаменті басшысының орынбасары Дархан Суртеков мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпарат агенттігі.

«Жобаның негізгі мақсаты - жас басқарушылардың өңірлік пулын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту. Іріктеуді өңірлік комиссия мүшелері жүргізеді. Ал қатысушыларға қойылар негізгі талаптар - 35 жастан аспаған,жоғары білімді және 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы қатыса алады. Үміткерлер индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру бағыттары бойынша таңдалатын болады. Сондай-ақ, жобаға қатысушылар арнайы тестілеуден және сұхбаттасудан өтеді. Өңірлік резервтерге іріктелген азаматтардың тізімі Түркістан облысы әкімі аппаратының және Агенттіктің интернет-ресурстарында, сондай-ақ онлайн-платформада жарияланды. Өңірлік резервте болу мерзімі - 2 жыл», - деді спикер.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында маңызды мәселелердің бірі инфрақұрылымды ретке келтіру болатын. Бүгінде Түркістан...