«Әлеумет» әлеуметтік қызметтер порталының Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығымен интеграциясы жүргізілді

«Әлеумет» әлеуметтік қызметтер порталының Дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығымен интеграциясы жүргізілді

Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин Отбасының цифрлық картасын дамыту, атаулы әлеуметтік көмекті трансформациялау перспективалары туралы айтты, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Отбасының цифрлық картасының функционалы қандастар мен қоныстанушылар отбасыларын қолдау бөлігінде кеңейтілді, сондай-ақ «өңірдің әлеуметтік портреті» қосымша құралы жасалды.

«Өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды кешенді қолдауды іске асыру, осал азаматтарды қолдаудың тиімділігі мен белсенділігін одан әрі арттыру үшін азаматтың портретін жаңа көрсеткіштермен кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен деректерді өзектендіру бойынша жұмыстар қолға алынды. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарын цифрландыру жобасы әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті жақсарту технологиясын дамытуға және ұйым жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған», - деді спикер.

Тағы бір міндет – мүгедектігі бар азаматтарға берілетін оңалту құралдарының сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету. Ол үшін «Әлеумет» әлеуметтік қызметтер порталының Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығымен интеграциясы жүргізілді, бұдан әрі Мемлекеттік кірістер комитетінің дерекқорымен интеграция жүргізу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Отбасының цифрлық картасын және мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың АЖ интеграциясын пайдалана отырып, АӘК трансформациялау көзделген. Қазіргі уақытта көмектің осы түріне үміткер қазақстандықтардың негізгі шығыстарын есепке алу және верификациялау жұмысы жүргізілуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек Қостанай облысына жұмыс сапары барысында іске асырылып жатқан маңызды жоба - KIA маркалы автомобиль...

Jibek Joly 5.0 мәдени-туристік жобасының жаңа маусымы 19 қыркүйекте басталады. Бесінші рет ұйымдастырылғалы отырған тур Ұлы Жібек жолы бойындағы...