Қазақстан Үкіметі Аппаратының қызметкерлері Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы және Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) аясында өткізілген жалпықалалық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.
Президент «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында азаматтарды біріктірген жасампаз бастаманың маңызын атап өтіп, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясының жыл бойы өткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.
Жалпықалалық сенбілік барысында Үкімет Аппаратының қызметкерлері EXPO аумағында қылқан жапырақты ағаштардың 100 көшетін отырғызды.
«Таза Қазақстан» ауқымды акциясы аясында наурыз айынан бастап елімізде 4 млн-нан астам тұрғынның қатысуымен 140-тан астам экологиялық іс-шара өткізілді. 21 мыңнан астам әлеуметтік нысанның аумағы тазаланып, 5 мыңға жуық саябақ пен сквер абаттандырылды. 2,9 мың ағаш және бұта көшеттері отырғызылды. 800-ден астам субұрқақ жөнделіп, 1,1 млн тоннадан астам қоқыс жиналды.